№ хаттама 2017 жыл



бет68/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

Есептер:
  1. А фирмасы әрбір жылдың соңына қарай сату көлемдерінің әр бір долларына 3 долларға тең болатын өндірістік қорды иемденуді саналы деп санайды. 1-кестеде берілген мәліметтердің негізінде келесілерді анықтаңыздар:



Жыл

Жылдық сату көлемдері

Жыл басындағы қорлар


Жыл соңыда күтілетін қорлар


Жылдық өндіріс көлемі


2007

40

100





2008

56







2009

60







2010

68







2011

78








Келесілерді табыңыз:

  • Әрбір жыл басындағы және соңындағы қор көлемі;


  • Әрбір жылдағы өндіріс көлемі;


  • Қандай жылдары ең жоғары деңгей болғанын анықтаңыздар: қордағы инвестициялар мен өндіріс көлемдері бойынша.



  1. Бас экономисттердің болжамдары бойынша мемлекеттегі экономикалық жағдай келесідей сипатталады деп болжайды:



C=10+0,7Y
I=50 млрд. долл.
G=100 млрд. долл.
Келесі жылы болатын болжамдалған ЖҰӨ көлемін анықтаңыздар.
  1. Елдің экономисттері тұтынушылық шығындар (C) мен инвестициялардың (I) ЖҰӨ (Y) деген тәуелділіктері келесі теңдеулерде көрінеді деп ойлайды (млрд. долл.):


C=8+0,6Y


I=0,1 Y

Олардың бағалаулары бойынша келесі жыл тауарлар мен қызметтерді сатып алуға кеткен мемлекеттік шығындар 50 млрд. долл., ал таза экспорт – 5 млрд. долл. құрайды.


Келесі жылы болатын болжамдалған ЖҰӨ көлемін анықтаңыздар.


10 ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

10.1 Жұмыссыздық
Жұмыссыздық — іскерлік белсенділіктің өзгеруімен бірге жүретін маңызды көрсеткіштердің бірі. Толық емес жұмысқа тартылу әлеуметтік ыза тудырады әрі үкімет өзінің макроэконо­микалық саясатында толық жұмысқа тартылуға ұмтылады.
Жұмыс күші, немесе экономикалық белсенді тұрғындар. Оған жұмыс істеушілер мен жұмыссыздар жатады. Жұмыс жасаушылар – 16 жастан жоғары, жалданып немесе өзіне жұмыс жасайтындар жатады (өзімен өзі жалданушы), сонымен бірге уақытша жұмыс жасамаушылар мен еңбек демалысындағылар да жатады.
Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар санаты да бар. Көптеген басты елдерінде оған мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындары студенттері де, әскердегі (егер ол міндетті шақырылымда болса), үй шаруасындағылар мен жұмыс жасағысы келмейтіндер де жатады.
Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша (ХЕҰ), жұмыссыз деген жұмыс істеуге қабілетті, бірақ жұмыс жасамайтын адам (жұмыс жасауға дайын) және соңғы төрт аптада белсенді жұмыс іздеуші.
Жұмыссыздық түрлері:
Фрикциондық жұмыссыздық – бұл адамдардың жұмыс орнын ауыстыруымен немесе жаңа жұмыс орнын іздеуімен байланысты болатын жұмыссыздықтың түрі.
Құрылымдық жұмыссыздық – бұл еңбекке деген сұраныс құрылымының еңбек ұсынысына сай келмеуінен пайда болатын жұмыссыздық түрі. Мұндай сәйкессіздік жұмысшылар маманды­ғының бір түріне сұраныстың жоғарылап, ал екінші түріне төмендеуінен, ұсыныстың мұндай өзгерістерге баяу бейімделуінен болады.
Циклдік жұмыссыздық – бұл құлдырау кезеңімен байланысты пайда болатын жұмыссыздық түрі.
Жұмысқа тартылғандар (E) мен жұмыссыздар (U) қосындысы елдің жұмыс күшін көрсетеді (L):
L=E+U (10.1)
Жұмыссыздық деңгейі (u) жұмыссыздар мөлшерінің (U) жұмысшы күшін (L.) көрсетуші адамдар қатынасымен есептеледі, ол пайыздық түрде сипаталады:

и =(U/L)*100% (10.2)
Бірге алынған фрикциондық және құрылымдық жұмыс­сыздық жұмыссыздықтың табиғи деңгейі немесе жұмыссыздық­тың тепе-теңдік деңгейі деп аталады, u*. Бұл деңгей толық тартылу деп те аталады. Осылайша толық жұмысқа тартылу – бұл жұмыссыздықтың нолдік мөлшері емес. ЖІӨ шынайы көлемі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде туындаушы экономиканың өндірістік потенциалын анықтайды. Осылайша потенциалды ЖІӨ – бұл табиғи жұмыссыздық деңгейі шартында туындаған ЖІӨ.
«Табиғи жұмыссыздық деңгейі» сөзтіркесі кейде басқа терминмен алмастырылады – NAIRU (Non-Accelerating-Inflation Rate of Unemployment) – инфляцияны жылдамдатпайтын жұмыссыздық деңгейі. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейін төмендетуге талпынса, әлуетті ЖІӨ деңгейінде болатын, онда жылдамдаушы инфляциямен соқтығысады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі келесі формула бойынша есептеледі:
(10.3)

мұндағы,


u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
F* – оларға жұмыс орны бар жұмыссыздар саны;
R – экономикалық белсенді халық;
q – жұмысын жоғалтып жатқан жұмысшылар үлесі;
µ – жұмыс тауып жатқан жұмыссыздар үлесі.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне әсер ететін факторлар:
а) демографиялық фактор;
б) еңбекақының төменгі деңгейі
в) кәсіподақтардың әрекеттері.
Жұмыссыздық, әсіресе шеңберлі, қоғамдағы әлеуметтік кернеулікпен бірге жүреді. Одан басқа қоғам ЖІӨ нақты төмендеу нәтижесінде шығынға ұшырайды. Табиғи деңгейден нақты жұмыссыздық деңгейін шегеру (и – и*) жұмыссыздық ыдырауы деп аталады. Осыған байланысты Оукен заңын қарастырамыз. Американдық экономист Артур Оукен (1928-1980) өз жұмыс­тарында 1960-шы жылдары, жұмыссыздық ыдырауы 1% ЖІӨ ыдырауына сай келеді деп есептеді, (фактілі ЖІӨ потенциалдыдан ауытқуы) 3%. Біршама берідегі бағалаулар осы екі ыдыраудың қатынасын береді 1/3ке, 1/ 2,5 немесе тіпті 1/2ге.
Оукен заңы нақты ЖІӨ мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуекелділікті анықтайды. Оукен заңы бойынша әлуетті ЖІӨ-мен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің 2%-ға төмендеуі жұмыссыздық деңгейін 1%-ға жоғарлатады. Оукен заңы былай жазылады:


Y*-Y/Y*= y(u-u*) (10.4)
мұндағы,

Y* – толық жұмыстылық жағдайында әлуетті өндіріс көлемі;


Y – ұлттық өндірістің нақты көлемі;
u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі;
u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
y – Оукен коэффициенті.
Оукен қисығы келесі екі жағдай орын алғанда қозғалады:

  1. толық жұмыстылық кезінде ұлттық табыс өзгерсе;


  2. жұммыссыздықтың табиғи деңгейі өзгерсе.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет