№ хаттама 2017 жыл



бет69/76
Дата03.10.2024
өлшемі0,68 Mb.
#146680
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76
Байланысты:
Макроэкономика-emirsaba.org

10.2 Инфляция
Жұмыссыздық сияқты, инфляция – макроэкономикалық тұрақсыздық көрінісі. Соның кесірінен әлеуметтік экономикалық сипатта жүұмыссыздық сияқты қауіп туғызады.
Егер нарықтық экономиканың Ұлы депрессиясы кезінде тұрақсыздықтың осындай төмендеу сияқты айқын көрінісімен соқ­ты­ғысса, онда ХХ ғасырдың екінші жартысында макроэкономи­калық тұрақсыздықтың біршама анық көрінісі инфляция болды. Инфляция феноменін қалай анықтау керек?
Инфляция – елдегі жалпы бағалар деңгейінің ұзақ және тұрақты өсуі. Осыдан тауармен қызметтің барлық түріне баға міндетті өспейді: бірқатар тауар түрлері өзгермейді тіпті төмендеуі де мүмкін. Бастысы инфляцияда жалпы немесе орташа баға деңгейі өседі. Маңыздысы инфляцияда баға өсуі тауар топтары бойынша біркелкі емес, яғни салыстырмалы бағалар секіріп, әртүрлі өзгереді.
Инфляцияның ішкі және сыртқы себептері бар.
Инфляцияның ішкі себептері:
  • Тұтыну тауарларын өндіретін салалардың өндіріс құралдар өндіретін салаларға қарағанда артта қалуы;


  • Мелекеттік бюджет тапшылығы;


  • Экономиканың циклдік дамуының көрінісі болатын микро-макродеңгейдегі сәйкессіздіктер;


  • Сыртқы саудадағы мемлекеттің монополиясы;


  • Нарықта баға орната алатын монополистердің болуы;


  • Салықтардың, несие пайыздарының жоғары болуы.


Инфляцияның сыртқы себептері:


  • Әлемдік құрылымдық дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық, экологиялық, азық-түліктік);


  • Ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбасталуы.


Инфляцияға қарсы дефляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің ұзақ, тұрақты төмендеуі.


Инфляцияны қалай өлшеу керек? Алдымен біз инфляция қарқынына анықтама береміз: инфляция қарқыны – бағаның жалпы деңгейінің өзгеру қарқыны.
Ұлттық табыстың өсуімен салыстырғанда номиналды ақша массасы динамикасының басым болуы инфляцияның пайда болу шарты болып табылады.
Инфляция деңгейі мына формуламен есептелінеді:
(10.5)
мұндағы,

π – инфляция деңгейі;


P – ағымдағы жылдағы бағалардың орташа деңгейі;
P – базалық жылдағы бағалардың орташа деңгейі.
Инфляцияны өлшеу әртүрлі баға индекстерінің көмегімен жүзеге асады.
Тұтынушы баға индексін (ТБИ) тұтынушы тауарлары мен қызметтің стандартты қоржынын сатып алуға кеткен уақытпен өлшенеді. Бұл индексті қолдану арқылы инфляция қарқынын келесідей өлшеуге мына формула көмектеседі (π):
(10.6)

Өндіруші баға индексі (ӨБИ) көтеріп сату немесе өндіріс сатысындағы баға деңгейімен өлшенеді. ЖІӨ дефляторы тек тұтынушы ғана емес, басқа тауарлар құны өсуін де өлшейді. Сәйкес инфляция қарқыны өсуін есептеу үшін мына формулаға ТБИ мен ӨБИ шамаларын енгізу керек.
Инфляция келесі белгілер бойынша бөлінеді:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің дәрежесіне байланысты:

Ашық – нарықтық экономикаға тән еркін баға кезіндегі әрекет ететін инфляция.

Жасырын – қатаң мемлекеттік реттеу кезінде әрекет ететін инфляция. Ол тауарлар мен қызметтер тапшылығынан байқалады.
2. Бағалардың өсу қарқынына байланысты:


Тұрақты – жылдық қарқыны 10%-ға дейін болатын инфляция.
Секірмелі – жылдық қарқыны 20-200%-ға дейін болатын инфляция. Ол мемелекетте қаржы­-несие саясатының күрделі қателіктері туралы мәлімет береді.


Гиперинфляция – жылдық қарқыны 200%-дан артық (П. Самуэльсон критерийі) немесе айлық қарқыны 50%-дан асатын инфляция (Ф. Кейган критерийі). Инфляция мүлдем басқарыл­майды. Бағалар күнде қайта қаралады.
3. Алдын ала болжау дәрежесіне байланысты:
Күтілетін инфляция әсерінен болатын жоғалтулардың алдын алуға немесе азайтуға мүмкіндік береді.
Күтілмеген инфляция нақты табыстардың төмендеуіне және несие беруші мен алушының арасында табыстардың қайта бөлінуіне әкеледі.
4. Инфляцияны тудыратын факторларға байланысты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет