Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет814/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   810   811   812   813   814   815   816   817   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҰЛТТ

ҰЛТТ


564

ды. Этнопсихология зерттейтін проб- 

лемалар  (этностереотип,  этноцент- 

ризм,  ұлттық  тұрпат,  халық  рухы, 

ұлттық намысалы, ұлттық сана, дәс- 

түр, салт, т.б.) сан алуан.



ҰЛТТЫҚ САНА – ұлтты бір-бірінен 

ажырататын  саяси-экономикалық, 

рухани-әлеуметтік және психология- 

лық  қасиеттер  жиынтығы.  Ұлттық 

сананың  қалыптасуы  мен  оның  да- 

муына екі тұрғыдан қарауға болады: 

1)  сезімдік,  түйсіктік;  2)  теориялық 

сана.  Біріншісі  –  өз  елін,  халқын, 

ұлтын  сыйлайтын,  сүйетін  алғашқы 

ыстық  сезімнен  туса,  екіншісі  –  өз 

елінің, халқының, ұлтының өткенін, 

қазіргісін,  келешегін  толық  біліп, 

тексеріп,  халық  тағдырына,  ұлт  мә- 

селелеріне  мемлекеттік,  елдік,  тіпті 

әлемдік  тұрғыдан  теориялық  бағыт-

бағдарлама  тұрғысынан  қараудан 

байқалады. Ұлттық сананың қалып- 

тасуына, қолдап қорғауға ұйтқы бо- 

латын әр кезде де ұлттық зиялы қа- 

уым. Ұлттық сана мазмұны мен фор- 

масы  жағынан  ұлттық  өзіндік  сана- 

дан әлдеқайда күрделі, өрісі кең кө- 

лемді келеді.

ҰМТЫЛУ  (талаптану).  Ұ.  –  адам- 

ның  іс-әрекетті  атқаруға  талапта- 

нып,  белсенділігін  қуаттайтын  ние- 

ті. Адам өз қажеттілігін өтеудің жағ- 

дайын  нақты  болжамдап,  көз  алды- 

на елестете алмаса да, көздеген мақ- 

сатына жету үшін күш-қуатын жұм- 

сап талаптанады. Талаптанудың (ұм- 

тылудың)  нақты  түрі  –  арман.  Бұл 

қалаған  нәрсенің  бейнесін  қиял  ар- 

қылы жасау әрекеті.

ҰМЫТУ (ұмытушылық). Ұ. – қабыл- 

дағанды,  есте  қалдырғандарды  қа- 

жет  болған  кезде  еске  түсіре  алмау, 

танымау немесе еске түсіру мен тану- 

дың қателесіп жаңылысуы. Ұ. жүйке 

қызметінің күйіне байланысты. Жүй- 

ке  жүйесі  әбден  шаршағанда  не  ау- 

руға  ұшырағанда,  адамда  ұмытшақ- 

тық  басым  болады.  Ұ.  қабылданған 

материалдардың  нашарлығына  да 

байланысты.  Жүйке  жүйесінің  на- 

шарлауына  орай  ұмытшақтық  қар- 

тайған  адамдарда  жиі  кездесе  бере- 

ді.  Мысалы,  әлемге  әйгілі  табиғат 

зерттеушісі,  ғалым  Карл  Линней 

әбден қартайғанда өзінің 40-50 жыл 

бұрын  жазған  шығармаларын  оқып 

отырып:  «Шіркін-ай,  мен  осындай 



шығарманың авторы болсам», – деп 

таңырқапты.

Ұ.ес  үрдісі  ретінде  бұрынғы  әсер- 

лерді  және  оларды  қайта  бейнелеу 

мүмкіндіктерін  жоғалтумен  бай- 

ланысты.  Адамның  ішіп  жүрген  ке- 

зінде ұмытқандары бір кезде жаңғы- 

рып,  еске  түсуі  мүмкін.  Уақытша 

ұмытуды  сақтық  тежелу  деп  атай- 

ды.  Ұ.–  жүйкедегі  тежелу  үрдісінің 

дамуы.  Адамның  бұрынғы  істеген 

қызметі қазіргі есте сақтау жұмысы- 

на  бөгет  болса,  оны  проактивтік 

тежелу, ал бұрыннан есінде сақтал- 

ған  материалына  кейінгі  қызметтері 

бөгет  болса,  ретроактивтік  теже- 

лу  дейді.  Мысалы,  мұндай  жайттар 

мағынасы  бір-біріне  жақын  мате- 

риалдарды  үйренуде  жиі  кездеседі. 

Оқу-тәрбие  істерінде  әсіресе  сабақ 

кестесін  жасауда  осы  мәселені  ай- 

рықша  ескеру  қажет,  яғни  біртектес 

пәндер  мен  түсінігі  жеңіл,  күрделі 

болып келетін пәндерді араластырып 

отырған жөн.

Ұмытуды  алғаш  рет  Г.  Эббингауз 

зерттеп (1885), мағынасыз вербалдық 

материалдың  жадта  сақталуының 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   810   811   812   813   814   815   816   817   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет