601
ЮНГ КАРЛ-ГУСТАВ (1875-1961) –
Швейцария психологі, «аналитика-
лық» психологияны жасаушысы
(Фрейдизм). Ю. Жеке адамның са-
насыздығымен қатар «ұжымдық са-
насыздықтың» неғұрлым терең қа-
баттары болады, онда «бастапқы» пси-
хикалық құрылымдар (архетиптер)
түрінде адамзаттың ең ежелгі тәжі-
рибесі сақталады, ол дүниені қабыл-
дау мен ой елегінен өткізуге априо-
рилік әзірлікті қамтамасыз етеді. Ю.
«индивидтену» процесін – жеке адам-
ның өз мүмкіндіктерін («өзіндігін»)
толық жүзеге асыруға ұмтылуын
адамның психикалық тіршілігінің
негізгі мазмұны деп санады. Егер
бұған жеке немесе әлеуметтік өмір
мәселелері кедергі жасайтын болса,
санасыздық архетиптік құрылымда-
ры жанданып, символдық бейнелер
пайда болады, олар түрлі халықтар-
дың аңыздарында қайталанып оты-
рады және әрбір адамның бойында
түс беріп, оны таңғажайып күшпен
баурап алуы мүмкін. Дәрігердің па-
циенттерінде пайда болатын архе-
типтік бейнелерді түсіндіруін Ю.
«аналитикалық психологияның» мін-
деті деп есептеді.
Ол ұлы идеялардың бәрі архетиптік
негізде жатыр деп санады. Егер дү-
ниедегі дәстүрлердің бәрі біржола
кесіп-пішілген болса, деп жазды Ю.,
келер ұрпақпен бірге барлық аңыз-
дар мен дін тарихи түрде қайтадан
басталар еді. Ю. концепциясының
иррационалистік, мистикалық жақта-
рын теологиялық жалдаптықтар абс-
трактілі өнерді негіздеу, өнерді ар-
хаизмдендіру, көркем шығармашы-
лықтың әзәзілдік, санасыз сипатын
дәлелдеу үшін пайдаланды. Соны-
мен бірге Ю. еңбектері салыстыр-
малы аңыздар жөнінде зерттеулердің
пайда болуына жәрдемдесті; оның
психологиялық типтері – экстравер-
тициялық және интровертициялық
типтер концепциясы әйгілі болды.
Негізгі еңбектері: «Либидо метамор-
фоздары мен символдары» (1912,
1952 ж-дан «Өзгеріс символдары»),
«Психологиялық типтер» (1921);
«Мен және санасыздық арасындағы
қатынастар» (1928).
Достарыңызбен бөлісу: