76
Фараби «Үлкен музыка кітабының»
авторы ретінде әйгілі. Бұл – эстетика,
психология, акустика, математика, ас-
пан өнері проблемаларын қамтитын,
жинақты шығарма. Осы трактат жа-
йындағы кіріспе пікірлерден ізденіс-
зерттеудің тыңнан жүргізілгені, со-
қыр сенім атаулыдан аулақ, айқын
творчестволық программаның алға қо-
йылғаны көрінеді... Ол музыка прин-
циптерін және соған қатысы бар мә-
селелерді зерттеумен тынбайды. Ол
өзіміз қолданып жүрген музыкалық
аспаптарды үйреніп алғанға дейін
зерттеуін жүргізе береді. Сөйтіп осы
аспаптардың көмегімен принциптер-
дің қалай жүзеге асырылатынын көр-
сетеді.
Фараби еңбектерінде музыканың
адамның эстетикалық сезімдеріне қа-
лайша әсер ететіндігі, оның әртүрлі
жағымды, жағымсыз көңіл күйлерін
қалайша туғызатындағы, адамның эс-
тетикалық талғамы, яғни әсемдік
пен көріксіздікті бағалай алуы, бір
сөзбен айтқанда, оның талғамдарды
қалыптастыруға қалайша әсер ете-
тіндігі сөз болады. Бұларда, сондай-
ақ эстетикалық сезімдердің дүние-
дегі әсемдік пен күйкі заттарды қа-
былдаудағы атқаратын рөлі, музыка-
ның адам организмін бірқалыпты
күйге келтіруі жайлы әңгіме бола-
ды. Фараби жақсы музыкалық шы-
ғармалардың адамгершілік қасиет-
терді қалыптастырудағы маңызына
тоқтала келіп, эстетикалық талғам мен
этикалық ұғымның тығыз байланыс-
та екендігіне ерекше назар аударады.
Ұлы ойшыл музыканың адамға беретін
әсерінің сырларын дәлелдей келіп,
мұның адам өміріндегі алатын ғылы-
ми зор маңызын былайша түсіндіре-
ді: «Бұл ғылым (музыка, ән) өзінің
байсалдылығынан айырылған адам-
ды түзеуге, қызба адамды бірқалып-
ты ұстауға құдіреті әбден жетеді».
Бізге эстетикалық сезімдердің әртүр-
лі жағымды, жағымсыз эмоциялар-
дың жиынтығы екендігі, онда махаб-
бат пен жек көрушілік, қуаныш пен
қайғы, тағы осындай адамның толып
жатқан көңіл күйлерінің тоқайласып
жататындығы белгілі. Музыка трак-
таттарының бірінде Фараби былай
дейді: музыканың негізгі мақсаты
адамның эстетикалық қажетін қана-
ғаттандыру. Бұл поэзияға да ортақ
қасиет, өйткені поэтикалық тіл мен
музыка тілі бір-біріне етене қабысқан
кезде ғана музыканың әсерлілігі арта
түседі. Адамзатқа тән ерекше бір
жақсы қасиет – өзін қоршаған дүние-
нің әсемдік сырларына үңілу, содан
рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін
образдар арқылы паш ету; «Музыка-
ның ұлы кітабы» деген еңбегінде Фа-
раби дауыс өнеріне үлкен мән беріп,
оны жоғары бағалайды. Ән өнері адам
жанының нәзік сезімін бейнелейтін
тамаша құралдардың бірі. Оны адам-
зат тарихынан бөліп қарау мүмкін
емес, өйткені, ол – адамдармен бірге
өсіп, біте қайнап келе жатқан айны-
мас жан серігі, өмір өткелінің сырла-
рын дауыс арқылы бейнелейтін жан-
ды тарих. Ежелгі дүниенің ұлы ойшы-
лы Аристотель өзінің «Саясат» дейтін
еңбегінде музыканың ізгі моральдық
принциптерді қалыптастырудағы зор
маңызы туралы айта келіп оны тәнді
ширатып, шыңдайтын гимнастика-
мен салыстырады, мұның адам ден-
саулығына пайдасы мол екендігін ай-
тады. Тән ауырғанда көңілдің күрт
түсуі табиғи құбылыс. Сондай кездер-
Достарыңызбен бөлісу: