Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет107/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘДЕП

ӘДЕТ


80

ды әрекеттер адам мінезінің ұнамды 

жақтарын қалыптастыруға әсер етеді. 

Ә. адамның тыныс-тіршілігінде бір- 

шама тұрақты қалыптасқан, бойына 

үйреншікті  болып  кеткен  әрекеттің 

автоматтандырылған түрі. Оның дағ- 

дыдан  айырмашылығы:  мұны  адам 

ылғи да қажетсініп тұрады және өзі 

бекітілген сәйкес жағдайларда үнемі 

тұрақты қайталанып тұрады.

Бұл – әрине адаммен көбінесе сана- 

ланбайтын  және  өзіндік  реттелуге 

келмейтін  мінез-құлық  ерекшелігі. 

Әдеттердің  өзі  негізінен  екі  түрге  – 

жақсы  және  жаман  әдетке  бөлінеді. 

Әдеттерден  құтылу  өте  қиынға  со- 

ғады. Олар тіпті организмнің психо- 

физиологиялық  таптаурын  реакция- 

ларына айналып кетеді. Ә. адамның ту- 

ма қасиеті емес. Ол өмір сүру проце- 

сінде пайда болып, бекиді. Жақсы әдет 

адамның,  бедел-абыройын  арттыру- 

ға, күш-жігерін, уақытын мақсат ет- 

кен пайдалы істерге жұмылдыруына, 

көп  істерді  тындыруына  көмектесе- 

ді, бала-шағасы мен айналасындағы 

адамдарға үлгі-өнеге рөлін атқарады, 

ал  жаман  әдет  керісінше  мінез-құл- 

қына нұқсан келтіреді. Адамның іс-

әрекетінің  түр-түріне  байланысты, 

сондай-ақ психикалық қасиеттерінің 

көрінуі ерекшеліктеріне қарай түрлі 

салаларға бөлуге болады.

Мысалы,  гигиеналық-санитарлық 

әдеттер, мәдени әдеттер, еңбек әдет- 

тері және т.б. сияқты. Әдеттердің қа- 

лыптасуына шартты рефлекстер жү- 

йесі немесе динамикалық стереотип- 

тер негіз болады. Әдет-ғұрып белгілі 

бір жергілікті аймақта күші бар неме- 

се бір не басқа топтағы адамдардың 

қабылдаған,  яғни  әдетке  айналған 

қылық  ережелері:  халықтық  құқық 

және этикалық кодекс.

ӘДІС  (метод)  –  көздеген  мақсатқа 

жетудің  бірыңғайланған  тәсілдері, 

тәртіпке  келтірілген  қызмет  жүйесі. 

Ғылыми негізделген әдістерді саналы 

түрде қолдану – жаңа мағлұматтарды 

алудың маңызды шарты. Тәрбие жә- 

не оқыту әдістерін жасап, топтасты- 

ру – тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттер- 

дің  бірі.  Тәлімдік  әдістерге  байқау 

және қателік, жобалау әдісі, рейтинг 

әдісі, басқару әдісі және т.б. жатады.

ӘДІСНАМА  (грек.  methodos  – 

зерттеу жолы, теория және logos – 

ілім) – 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғы- 

лымда  қолданылатын  негізгі  прин- 

циптер.  Психология  теориясына  ла- 

йықты  танымның  ұстанымы,  әдісі, 

нысаны  мен  таным  амалдары  арқы- 

лы психологиялық болмысты өзгеріс- 

ке түсіру. Зерттеуші психологтың нә- 

тижеге  жетуі  оның  ғылыми  құрал-

жабдықтармен  қарулануымен  қатар, 

түрлі  тәсілдерді  әдіснама  қорынан 

таңдап  алуына  байланысты;  3)  дү- 

ниенің, қоғамның объективтік заңды- 

лықтары мен құбылыстарын практи- 

ка және теория игертуге және өзгер- 

туге бағытталған таным принципте- 

рінің жиынтығы.

Ә.  –  әдістер  туралы  ілім,  әдістер 

теориясы,  зерттеліп  отырған  объек- 

ті  жөніндегі  мәліметтерді  және  жа- 

ңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдері- 

нің  жүйесі.  Ғылыми  әдістің  негізгі 

мақсаты – объективтік ақиқатты ашу. 

Зерттеудің  нәтижесі  де,  оған  апара- 

тын  жол  да,  әдіс  те  ақиқат  болуы 

қажет.  Ә-ның  негізінде  белгілі  бір 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет