87
мен білім, ғылым мен мәдениет са-
ласында тамаша талантымен таныл-
ған Ш.Әлжанов жеке басқа табы-
нудың құрбаны болды.
ӘЛСІзДІК – тілімізде нашарлық,
күшсіздік, қуатсыздық, қайратсыз-
дық дейтін мағынада қолданылатын
ұғым. Психикалық тұрғыда Ә. адам-
ның сезімдік танымы мен ақыл-ойы
арқылы танып-білуінің ең төменгі
деңгейі, физиологиялық тұрғыдан
жүйке жүйесі қызметінің осалдығы.
Ә. қозу, тежелу процестерінің шап-
шаңдығы мен сылбырлығына қатыс-
ты жайттарды да бейнелейді. Бойда-
ғы күш-қуатқа қатысты осалдық пен
дәрменсіздік, ерік-жігерге қатысты
қайратсыздық пен күшсіздік Ә-тің
көріністері. Ә. кей жағдайда адам
бойынан күш-қуаттың кетіп, белсіздікке
ұшырауы. Мұндай жайт негізінен екі
түрлі себепке (физиологиялық жә-
не биологиялық) байланысты. Адам-
ның Ә-ке ұшырауы бойынан әл-қуа-
ты кетіп, организмнің тозуы (қарта-
юы) биологиялық факторға жататын
болса, оның ақыл-есінің нашарлап
әлсізденуі психологиялық фактор бо-
лып саналады. Ә. адамның науқасқа
шалдығуы салдарынан да болады.
Қартайған адамдардың жасы жетіп,
Ә-ке ұшырауы табиғи құбылыс. Алай-
да ерік-жігері күшті адам бойындағы
күш-қуатын сақтап, әлсіздікке бой
бермейді.
ӘҢГҮДІК – мінездегі ұнамсыз, жа-
ғымсыз сипат. Ә. адамды әдетте даң-
ғой, әулекі, әумесер деп те атайды.
Оның мінез-құлқында аңқаулық,
нанғыштық секілді сипаттар жиі кез-
деседі. Ә. даңғой, ұрыншақ, елірме,
әулекі сияқты мінездің ұнамсыз кө-
ріністерінен де байқалады. Ә-тің бір
көрінісі әулекілік пен әумесерлік. Әу-
лекілік адамды еліртіп, есіртіп әке-
тетін алаңғасарлық, ұрыншақтық қа-
сиет. Әумесер – алаңғасарланып не
болса соған ұрынғыштық. Ә-тік си-
пат ерекшеліктерінің тағы бір көріні-
сі аңқаулық пен нанғыштық. Аңқау-
лық – нанғыш, бейқам, қулығы жоқ
мінездің қасиеттері. Ә. мінездегі мін-
дердің сипат-ерекшеліктерінің күр-
делі, аса нәзік психологиялық құры-
лым екенін көрсетеді. Әулекілік –
адамды еліртіп, есіртіп әкететін даң-
ғойлық пен әумесерлік.
ӘҢГІМЕЛЕСУ – 1) сөздің комму-
никациялы үрдіске негізделе мағлұ-
мат алатын психологиялық, педагоги-
калық зерттеу әдісі; 2) оқытудың
сұрақ-жауап әдісі, жаңа білімдерді
алу үрдісінде немесе бұрын алынған
білімдерді қайталау мен бекітуде мұ-
ғалім оқушының ақыл-ой іс-әрекетін
белсендендіру мақсатымен қолдана-
ды. Психологияда Ә. адам психика-
сының сырын зерттеудегі әдістің бір
түрі. Зерттеуші әңгіменің алдына
қоятын мақсатқа қарай даярланып,
сөйлесетін кісіден жауап алуы үшін
сұрақтарды алдын ала ойлануы қа-
жет. Ә. барысында сұрақтардың түрі
мен мазмұны әңгімелесіп отырған
сыналушының өзіндік ерекшелікте-
ріне қарай түрленіп отырады. Сұ-
рақтар әңгіме етілетін тақырыпты
толық қамтып, қойылған сұрақтар
сыналушыға түсінікті болуы тиіс. Әң-
гімелесіп отырғанда зерттеуші сына-
лушының сырт көрінісін бақылап қа-
на қоймай, оның сөйлеу ерекшелік-
терін, мимикасын, қимылдарын, эмо-
Достарыңызбен бөлісу: