88
циялық сезімдерін де байқап отыра-
ды. Қойылған мақсаттың мазмұнына
қарай, әңгімені бір адаммен ғана емес,
бірнешеуімен, тіпті тұтастай топпен
өткізуге де болады. Ә.-дің мұндай тү-
рі сыналушылардың жауабын бір-
бірімен салыстырып отыруға мүмкін-
дік туғызады. Әңгімені стенограмма-
лап отырса орынды болады. Негізі-
нен психологияда Ә. қосымша әдіс-
тердің бірі болып есептеледі.
ӘРЕКЕТ – іс-әрекеттің шағын бөлі-
гі. Мәселен, адамның ақыл-ой әре-
кеті түйсіктену, қабылдау, есте тұту,
қиялдау, ойлау т.б. танымдық жан
қуаттарынан тұрады. Әрекеттің бұ-
дан басқа да түрлері көп. П.Я.Гальпе-
рин тұжырымдаған «ақыл-ой» әре-
кетінің сатылап және жоспарлы түр-
де даму деген теориясында, адамның
ақыл-ой әрекетінің даму жолы жан-
жақты талданған. Ә. жеке мақсатты
орындауға бағытталады. Оның орын-
дау тәсілдері операция деп аталады.
ӘРЕКЕТСІзДІК – адамның жұмыс
қабілетінің тоқырауға ұшырауы. Ә.
енжарлық, жалқаулыққа соқтырып,
ақыл мен сананың дамуына да теріс
әсер етеді. Ә. – ешбір іс-қимылсыз,
қозғалыссыздықты білдіретін мінез-
дің жағымсыз да ұнамсыз көрінісі. Ә. –
еш нәрсеге ұмтылмау. Іс-әрекеттің
ұнамсыз, теріс түрі адамның саналы
мақсатына жетуге деген ықылас-ын-
тасының болмауы. Ә. адамның ерік-
сіздігін, жігерсіздігін, құндылық пен
қажеттілікті жете түсіне алмайтын-
дығын байқатады. Ә. адам мінезінде-
гі жалқаулық пен енжарлық сияқты
ұнамсыз сипатты білдіреді. Ә-тің
бір ерекшелігі: мойны жұмысқа жар
бермейтін еріншектік. Ұлы Абай «ерін-
шектік күллі дүниедегі өнердің дұш-
паны» деп анықтаған.
Ә. мінездегі ұнамсыз сипат ретінде
адамның жұмыс істеу қабілетін то-
қырауға душар етуімен бірге, оның
ақыл-ойы мен санасының дамуына
да теріс ықпал етеді, әрбір нәрсенің,
құбылыстардың мән-жайын пайым-
дап түсінуіне кедергі жасайды. Ха-
лық даналығы «әрекет етсең берекет»
дейді. Бұл мәтел өнегелі сөз ретінде
адам мақсат-мүддесіне жету жолында
үнемі еңбекпен айналысып отыру
қажет деген адамдық қасиеттің өзін-
дік белгісін білдіреді. Баланың ақыл-
ойы мен денесінің дамуы да әрекет-
шілдікке тәуелді. Ә. баланың қимыл-
қозғалысын жарамсыз етіп, ақыл-
есінің дамуын тоқыратады.
Достарыңызбен бөлісу: