Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет123/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ӘСКЕРИ  ПСИХОЛОГИЯ  –  әр- 

түрлі  әскери  іс-әрекеттердің  психо- 

логиялық  мәселелерін,  оның  әлеу- 

меттік  тарихи  жағдайларға  сәйкес 

даму  деңгейлерін,  жауынгерлердің 

жеке  басының  даярлығын,  әскери 

ұжымдардың жауынгерлік қабілетін, 

саяси  қырағылығы  мен  әзірліктерін 

зерттейтін  психология  ғылымының 

арнаулы  саласы.  Кеңес  үкіметі  тұ- 

сында  әскери  психология  Кеңестік 

армия  құрылуымен  қатар  пайда  бо- 

лып,  мемлекеттің  қарулы  күштерін 

және  Отан  қорғауды  қамтамасыз 

ету  мақсатында  дамып  келді.  Ә.п-

ның ғылыми астары оның теориясы 

мен  практикасын  жетілдіру,  әскери 

қызметтегілерді  оқыту,  тәрбиелеу, 

оларға  ақыл-кеңес  беріп,  солдаттар- 

дың  жауынгерлік  рухын  көтерудің 

психологиялық аспектілерін зерттеу- 

ге арналады.

Ә.п-ның негізгі мәселелері: әлеумет, 

еңбек, инженерлік және педагогика- 

лық психологиямен байланысты. Ә.п. 

әскери-әлеуметтік,  әскери-авиация- 

лық, әскери-теңіз психологиясы сала- 

ларына бөлінеді. Бұл салалар ерекше 

жағдайлардағы (экстремалдық) әске- 

ри  құрамалардың  тыныс-тіршілігін- 

де туындап отыратын құбылыстар мен 

заңдылықтарды  зерттейді.  Ә.п.  дер- 

бес ғылым ретінде бірінші дүниежү- 

зілік соғыс қарсаңында дүниеге кел- 

ді. Онда ірі әскери құрамаларға бас- 

шылық ету, ұрыс даласында жеңісті 

қамтамасыз  ету  мәселелеріне  назар 

аударылды. Егеменді, тәуелсіз Қазақ- 

стан  жағдайында  әскери  қызметтің 

сан-саласында  әскери  психология- 

ның іргесін қалаушы Бауыржан Мо- 

мышұлы болды. Ол қазақ, орыс тіл- 

дерінде «Соғыс психологиясы» еңбе- 

гін жазды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет