Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет156/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БАУЫ

БАТА


114

дейді.  Олай  болса,  «Ақ,  қарамыз, 

сарымыз – дос-бауырмыз бәріміз» – 

деп,  халықты  ру  мен  жүзге  бөлмей, 

кішкентай кезден жас ұрпақты бауыр- 

малдық  қасиетке  баулуымыз  қажет. 

Жас ұрпақ әркез «бауыр», «бауырым», 

«бауырластық» деген сөздердің мән-

мағыналарын терең де жете түсінге- 

ні абзал. Өйткені, бауырмалдық хал- 

қымыз ерекше қастерлейтін құдіретті 

қасиет. Онсыз өмір жоқ, ол бар өмір- 

дің «тұздығы», жылуы мен қуаты, сә- 

ні мен мәні.



БЕЙНЕЛЕУ  ТЕОРИЯСЫ  –  ор- 

ганизмнің  ми  қызметі  сыртқы  әсер- 

лердің бәрін қабылдауға, бейнелеуге 

қабілетті.  Мидағы  бейне,  образ  сол 

бейнеленген зат пен құбылыстың ті- 

рі суреті деуге болады. Неорганика- 

лық материяның (өлі табиғат) өзінде 

де түрлі нәрселер бейнеленеді. Мәсе- 

лен, заттың айнадағы сәулесінен біз 

оның  суретін  көреміз.  Ал  егер  оны 

алып кетсек, оның суреті де айна бе- 

тінен жоғалып кететіндігі мәлім. Пси- 

хикалық бейне де осы іспеттес, яғни 

сыртқы  орта  әсер  етпейінше,  мида 

ешқандай психикалық құбылыс пай- 

да  болмайды.Айна  бетіндегі  бейне 

де, адам миындағы бейне де «бейне- 

лену» деген бір сөзбен аталғанымен 

бұл  екеуінің  арасындағы  айырма- 

шылық жер мен көктей. Айна бетін- 

дегі сәуле «жансыз» сәуле болып та- 

былады.  Ал  адам  миында  болатын 

бейнелеу  процесінің  айна  бетіндегі 

сәуледен бір ерекшелігі – соңғы бей- 

не өте күрделі, ол жүйке процестері 

жұмысынан туады. Адам миындағы 

бейненің  тағы  бір  ерекшелігі  оның 

сөздің әсерінен бейнеленуі. Бейнеле- 

ну мәселесі кезінде Аристотель, әл-

Фараби еңбектерінде де елеулі орын 

алды.

БЕЙСАНА  –  санасыз  акт,  адамның 

жан дүниесінде санадан тыс атқары- 

латын  әрекет.  Б.  әрекетке  адам  мән 

бере қоймайды. Бейсана, субъект өзі- 

не әсері бар екенін есеп бере алмай- 

тын  шынайы  құбылыстың  ықпалы- 

мен  болатын  психикалық  үрдістер, 

актілер мен күйлер жиынтығы неме- 

се психикалық бейнелеудің формасы. 

Бейсананың  санадан  айырмашылы- 

ғы, бейсананы ырықты бақылау және 

ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. 

Бейсаналықта өткен, қазіргі және бо- 

лашақ жай бірігіп бір психикалық ак- 

тіде іске асады (мысалы, түс көруде). 

Бейсаналық  балада  ертеректе  бола- 

тын  (таным  әрекетінде)  ойлауында, 

интуициясында, аффектісінде, үрей- 

ленгенде, түстерінде, гипноздық жағ- 

дайда көрініс береді. Бейсаналы құ- 

былыстарды психоанализ бағытымен 

түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд «бей- 

саналықты динамикалық ығыстыру» 

терминін ғылымға енгізді. Ол бейса- 

налықта әлеуметтік нормалардың та- 

лабына байланысты іске аспаған әуес- 

қойлық  пен  құштарлықтар  болады 

деп түсінген. Психологияда бейсана- 

лықты зерттеуге қазіргі кезде көп кө- 

ңіл бөлінуде.



БЕЙІМДІЛІК – адамның белгілі бір 

әрекетпен  айналысуға  бет  бұрысы, 

оған көңілі аууы, оянып келе жатқан 

қабілеттің  алғашқы  белгісі.  Б. 

әрекеттің бір саласына (сурет, музыка 

т.б.)  әуестенушілікті  көрсетеді.  Б.-

ті  балада  қандай  да  бір  нышанның 

барлығын хабарлайтын белгі деуге де 

болады. Балалық кезде ерекше көзге 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет