Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


БөКЕЙХАНОВ  ӘЛИХАН  (1866-



Pdf көрінісі
бет175/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БөКЕЙХАНОВ  ӘЛИХАН  (1866-

1937)  –  қазіргі  Қарағанды  облысы- 

ның Қарқаралы ауданында туған. 1888 

жылы  Омбы  техникалық  училище- 

сін, 1894 жылы Санкт-Петербургтегі 

Орман-техникалық  институтының 

экономикалық  факультетін  бітірген. 

Кейіннен  Омбыдағы  орман  шаруа- 

шылығы училищесінде сабақ береді, 

ғылыми жұмыспен айналыса бастай- 

ды. Ол «Россия. Общее географичес- 

кое  описание  нашей  Родины»  атты 

18  томдық  іргелі  ғылыми  еңбектің 

авторларының бірі. Семей облысынан 

бірінші Мемлекеттік думаға депутат 

болып  сайланады.  Революциялық 

жұмыстары үшін бірнеше рет түрмеге 

қамалады. 1905-1907 жылдары Омбы 

Кадет  партиясының  губерниялық 

комитетіне мүше болады. «Иртыш», 

«Голос  степи»  газеттерінің  редак- 

циясында істейді. 1913 жылы А.Бай- 

тұрсынов, М.Дулатовтармен бірге «Қа- 

зақ» газетін ұйымдастыруға ат салы- 

сады, бүкіл ресейлік земство одағы- 

ның жұмысына қызу араласады. (1916) 

Ақпан  төңкерісінен  кейін  Уақытша 

үкіметтің Түркістан комитетiнің жұ- 

мысына  қатысып,  Торғай  облысы- 

ның  комиссары  болады,  1917  жылы 

кадет  партиясы  қатарынан  шығып, 

басқа қазақ зиялыларымен бірге Алаш 

партиясын  құрады,  жаңадан  құрыл- 

ған  Алашорда  үкіметінің  төрағасы 

болып сайланады. 1919 жылдан бас- 

тап  баспагерлік  жұмыспен  айна- 

лысады. 1920 жылы ҚазАССР Бірін- 

ші Кеңесінің съезіне құрметті қонақ 

ретінде қатысады. 1937 жылы халық 

жауы ретінде тұтқындалып, өлім жа- 

засына  кесіледі.  1989  жылы  КСРО 

Бас  прокурорының  шешімімен  то- 

лық ақталады.

Оның  әр  жылдары  түрлі  тақырып- 

тың  төңірегінде  жазған  шығарма- 

ларынан ұлт психологиясына қатыс- 

ты,  сондай-ақ  психология  ғылымы- 

ның  кейбір  теориялық  қағидалары- 

мен тоқайласатын түйіндерді көптеп 

кездестіруге болады.

Ғалым бұл арада әр халықтың өзін- 

дік  әдет-ғұрпы,  дәстүрі,  салты,  ұлт- 

тық мінез бітістері, әлеуметтік сезім- 

дері  мен  көңіл  күйлері,  алуан  ойла- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет