Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет227/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ДЖЕЙ

ДЖЕЙ


159

ДЖЕМС  УИЛЬЯМ  (1842-1910)  – 

америкалық  психолог  және  фило- 

соф. Ол организмнің физикалық жай- 

күйін  сипаттайтын  бірін-бірі  үздік- 

сіз алмастырып отыратын жеке пси- 

хикалық күйлерді – «сана легі» ұғы- 

мын  енгізе  отырып,  ассоцианизмге 

қарсы  шықты.  Джемс  психика  –  ол 

организмнің  биологиялық  тұрғыдан 

өмір  сүруінің  шарты  деді.  Сананы 

оның бейімделушілік қызметінде қа- 

растыра  отырып,  Д.  өзінің  прагма-

тизмдік  философиялық  концепция- 

сын ұсынды. Д. тұлға теориясын құ- 

рушылардың  бірі.  Ол  тұлғаның  үш 

қырын (физикалық, әлеуметтік және 

рухани) талдап көрсетті. Ол эмоция 

шеттік теорияларының бірі америка- 

лық  алғашқы  психология  оқулығы- 

ның авторы.



ДИДАКТОГЕНИЯ  (грек.  didakti- 

kos – үйретуші, ұқтырушы және ge- 

nes – пайда болған) – тәрбиеші (пе- 

дагог,  жаттықтырушы,  басшы  және 

т.б.) тарапынан педагогикалық әдеп- 

тің бұзылуы салдарынан оқушының 

жағымсыз  психологиялық  жай-күйі 

(көңіл  күйінің  нашарлауы,  қорқы- 

ныш, түңілу). Фрустрациядан, қорқы- 

ныштан,  тұнжыраңқы  көңіл  күйден 

және  т.б.  көрінеді.  Оқушының  іс-

әрекеті  мен  жеке  тұлғалар  арасын- 

дағы  қарым-қатынасқа  теріс  әсер 

етеді. Д. невроздарға себепші болуы 

мүмкін. Дидактогенияның пайда бо- 

лу негізіне оқушының педагогтің кі- 

нәсінен  алған  психикалық  зақымы 

жатады.  Бұдан  Д.  мен  балалардағы 

невроз  нышандарының  ұқсас  екені 

көрінеді. Дидактегонияның неврозға 

айналып кету жағдайы жиі кездеседі.

Мұндай  да  баланы  психотерапия 

әдістерімен арнайы емдеу қажет бо-

лады.  Кейбір  педагогтар  оқушыны 

көпшілік алдында кемшілігін айтып 

жазалауды  дұрыс  деп  санайды. 

Ұстаздық  қарым-қатынастың  мұн- 

дай түрі мектеп психогигиенасы тұр- 

ғысынан  өте  зиянды  болып  есеп-

теледі.  Өйткені  оқушының  оқу  іс-

әрекетінде  жақсы  жетістіктерге  же-

туіне әсер етпейді. Осыдан ұстаз бе- 

делі  төмендейді;  оның  әділетті  еке- 

ніне  оқушының  сенімі  жоғалады; 

баланың эмоциялық тепе-теңдігі үшін 

қажет психологиялық қорғаныш сезі- 

мі нашарлайды. Д. пайда болмау үшін 

әрбір ұстаз қарым-қатынаста барынша 

әдепті  болуға  ұтылып,  тәрбие  ба- 

рысында  оқушылардың  жас  ерек-

шеліктері  мен  жеке  психологиялық 

қасиеттерін ескеріп отыруы қажет.

ДИСТИНКЦИЯ  (лат.  distinctio  – 

айыру)  –  заттар  арасындағы  немесе 

сананың  өз  элементтері  (түйсіктер, 

ұғымдар, т.б.) арасындағы объектив-

ті  айырмашылықтарды  бейнелейтін 

сана  актісі.  Ұғымның  анықтамасын 

алмастыратын  тәсіл  ретінде  де  Д. 

қолданылады  (мыс.,  сутегінің  отте-

гінен айырмашылығы мынада: оның 

өзі  жанады,  бірақ  жануды  қолда- 

майды). Д. термині орта ғасырларда 

пайда  болды.  Схоластар  бұнымен 

объективті айырмашылықты да, нақ- 

ты мәнді, себепті (Д.т.б.) ой айырма- 

шылығын да (Ақыл Д-сы, субъективті, 

формалды,  т.б.)  көрсетті.  Д.  терми- 

ні қазіргі уақытта да қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет