Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет235/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ДОСТ

ДУЛА


165

сы  жоралғысы  не  деп  сұраса,  онда 

Сізді  меймандостықпен  құрметке 

бөлеуді айтқан болар едім».

Мұхаммед Хайдар Дулати сол кезде- 

рі  құрыла  бастаған  Қазақ  хандығы- 

ның  күш-қуатын  ерен  тұлғалардың, 

аса  қабілетті  басшылардың  қадір-

қасиеттеріне  қарай  таразылайды. 

Оның ойынша, білікті ел басшысы – 

мемлекет  күштілігінің  тұтқасы.  Ав-

тор  осындай  ерен  тұлға  қатарына 

Қасым  ханды  жатқызып,  «Қасым 

салған  қасқа  жол»  деген  ұлағатты 

сөздің  мән-мағынасын  түсіндіреді. 

Қасым хан билік құрған кезде Қазақ 

хандығы өзінің саяси-әлеуметтік қуа- 

тымен бүкіл Еуропа жұртына мәлім 

болғаны  белгілі.  Хандықтың  тер-

риториясы  батыста  Сырдарияның 

оңтүстік жағалауынан басталып, оң- 

түстік-батысы Түркістанға дейін же- 

тіп,  оңтүстік-шығыста  Жетісудың 

солтүстік бөлігіндегі таулы алқаптар- 

ды қамтыған. Хандық халқының са- 

ны бір миллионнан асып, орыс князі 

Василий  III  бірінші  болып  онымен 

дипломатиялык  байланыс  орнатқан. 

Қасым хандық құрған кезде ел басқа- 

ру  ісінде  қолданылатын  әдет-ғұрып 

заңдарының ережелері жасалды. Бұл 

заңда  көтерілген  мәселелер:  1)  жер, 

мал-мүлікті иемдену мәселесі; 2) ұр- 

лық,  кісі  өлтіру,  талау,  шабу,  ойран 

салған кісілерді жазалау тәртібі; 3) әс- 

кери  заң  (қосын  жасау,  аламандық 

міндет,  ер-азамат  құны);  4)  елшілік 

мәселесі (халықаралық қатынастағы 

әдептілік,  сыпайылық,  шешендік 

өнер);  5)  жұртшылық  заңы  (түлен 

тарту,  ас,  той,  мереке  үстінде  қол- 

данысқа түсетін ережелер, жасауыл, 

тұтқауылдардың  міндеті).  Қасым 

салған қасқа жолдың заңдары ешбір 

өзгеріссіз  XVII  ғасырға  жетіп,  Есім 

ханның (1595-1693) кезінде ол «Есім 

салған ескі жолға» жалғасты.

Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  ел  ба- 

сының  психологиясы  жайлы  айт- 

қандарына қысқаша талдау жасайық. 

Орта  ғасырда  Шығыс  Аристотелі 

атанған  Әбу  Насыр  әл-Фараби  ел- 

басының бойында 18 қасиет болу ке- 

ректігін айтқан. Осы іспеттес тұжы- 

рымға  5  ғасырдан  кейін  Мұхаммед 

Хайдар  Дулати  да  оралыпты.  Оның 

пікірінше, ел басқару – қыры мен сы- 

ры  мол,  ерекше  өнер.  Басшы  –  қа- 

жырлы,  салиқалы,  терең  ақыл-пара-

сатты,  зерек  те  зерделі,  әрдайым  ел 

тыныштығын,  халық  қамын  ойлай- 

тын  ерен  тұлға.  Басшының  сарқыл- 

мас  ерік-жігері,  нәтижелі  іс-әрекеті 

оның  ақыл-ой  парасатымен  ерекше 

ұштасады.  Оның  бес  аспаптылығы, 

адам  жанын  жазбай  танитын  абзал 

қасиеті ылғи да көзге түсіп, жұрт кө- 

ңілінен шығып тұрады. Басшы адам 

өзге  көрмегенді  көре  алады.  Онда 

өзін елге беделді ететін небір тамаша 

қадір-қасиет  мол.  Ол  өзінің  жайсаң 

мінезділігімен,  батылдығымен  ерек- 

шеленеді, бүкіл өмірін халық тағды- 

рына  бағыштап,  осы  мақсатына  же- 

ту  жолында  бұлтартпайтын  шешім 

қабылдап отырады. Осындай қасиет- 

тері  бар  адамның  іс-әрекеті  қылыш 

пен садақтың оғынан әлдеқайда асып 

түседі.

Тіршіліктің сан қилы талабынан туын- 

дайтын  өзекті  мәселелерге  ерекше 

мән беріп, ол жөнінде жұртпен кеңе- 

сіп, олардың көзқарасын ой таразы- 

сына салып, керектісін алып, келең- 

сізінің ауаға жайылып кетпеуін, қы- 

ңыр,  қырсық  адамдардың  пікірінен 

ел  ішінде  алауыздық  пен  араздық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет