ДОСМҰХАМЕДОВ ХАЛЕЛ (1883-
1939) – Ол қазіргі Атырау (бұрынғы
Гурьев) облысы, Қызылқоға ауда-
нында дүниеге келген. Алдымен ауыл
молдасынан хат таниды, кейіннен
жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқи-
ды. Одан соң Орал қаласындағы
училищеге оқуға түседі. Оны үздік
бітірген соң Петербургтегі Әскери-
медициналық академияда оқиды, оны
алтын медальмен бітіріп шығады.
Академияда Х.Досмұхамедов дүние
жүзі физиологтарының ақсақалы, шарт-
ты рефлекстер туралы әйгілі ілімнің
авторы, академик И.П.Павловтың
лекцияларын тыңдайды. Кейінірек
ұлы ғалымның дәрісін тыңдаған
екінші қазақ зиялысы – профессор
С.Асфендияров еді.
Сол жылдары Ресейде болған бур-
жуазиялық-демократиялық төңкеріс-
ті өз көзімен көріп, оның мәнісін тү-
сіне бастауы Халелдің идеялық жа-
ғынан шыңдала түсуіне зор ықпал
етеді. Патшалық империяның қа-
зақ халқын аяусыз қанап, тонап отыр-
ғанына оның көзі жете бастайды. 1909
жылы Академияны бітірген соң әуе-
лі Пермь губерниясына, кейіннен 22 –
Орал қазақ-орыс атқыштар батальон-
да әскери кіші дәрігер болып қыз-
мет істейді.
1917 жылдан бастап Алашорда өкі-
метінің басшылық жұмысына белсе-
не араласады. Оның Қазан төңкері-
сіне дейiнгі осы іс-әрекетін бетіне
шіркеу қылып, есімін атамай келге-
німіз белгілі. Алайда, оның ісі Рес-
публика Жоғарғы сотының 1958 жыл-
ғы ақпанындағы шешімімен қайта қа-
ралып, толық ақталды. Кеңес өкіметі
жылдарында ол халық ағарту инсти-
тутында оқытушы, Орта Азия универ-
ситетінде ординатор қызметін атқа-
рады, ал 1924 жылы Ресей акаде-
миясының Орталық өлкетану бюро-
сының корреспондент-мүшесі болып
сайланады.
1926 жылы Қазақ педагогика инсти-
тутының проректоры, кейіннен пе-
дология кафедрасының меңгерушісі,
профессор қызметін (1929) атқара
жүріп, бұған қоса Қазақ АССР Ден-
саулық сақтау халық комиссариа-
тында жоспарлау-ұйымдастыру бас-
қармасының меңгерушісі болып іс-
тейді. Сол жылдары ұлттық мектеп-
тердің жаңа жүйесін құруға, қазақ
тіліндегі ғылыми терминология жа-
сау ісіне, ұлт тілінде журнал шыға-
руға белсене кіріседі. Тарих, әдебиет,
тіл ғылымдарына қатысты іргелі про-
блемалармен («Қазақ халық әдебие-
ті», «Қазақ-қырғыз тіліндегі син-
гармонизм заңы», «Кенесары – Нау-
рызбай», «Тайманұлы Исатайдың
қозғалысы туралы қысқаша мағлұ-
мат», т.б.) айналысады. Осы жылда-
ры оның қаламынан «Адамның тән
тірлігі» (1927), «Сүйектілер туралы»
(1928), «Жануарлар» (1928) атты
еңбектер туындайды. Х.Досмұхамедов
еңбектерінде психологияның жеке-
Достарыңызбен бөлісу: |