163
да, «аламандық бар жерде әлеуметші-
лік бола алмайды, әлеуметшіліксіз
қазақта ұлт тiршiлiгi, ұлт мемлекеті
болуы мүмкін емес» деуі де ғылы-
милығы жағынан терең тұжырым.
Халелдің психологияның әр жақты
мәселелері мен байланысты айтқан
басқа пікірлері де мазмұны жағынан
терең. «Адамның табиғаттағы бір мі-
незі, – дейді ол, – ойын-сауық қуып,
қызықтап кетуі. Ойнамайтын адам
жоқ. Күлмеген адам – адам емес.
Салтымызға, тұрмысымызға қарай тү-
зелуге елімізде көп ойындар бар.
«Халықтың құлқы, мінезі, ойы, – дей-
ді автор, өз пікірін әрмен қарай жал-
ғастырып, – заманындағы әдебиеті-
нен білінеді. Әдебиет – халықтың
түрлі қимылдарының айнасы... Осы
әдебиетті тексеріп отырсақ, қазақтың
өткендегі құлқы, мінезі, заманында-
ғы күйiнiшi, сүйініші, арасында бол-
ған түрлі әлеуметтік қимылдары анық
сезіледі... Бұрынғы әдебиетпен та-
нысқанда қазақтың бойына біткен
мінездің бірнеше түрі орасан ады-
райып тұр».
Ғұлама ғалымның психологиялық
тұрғыдан ерекше назар аудартар ен-
дігі бір түйіні – ұлттық психология-
ның қалыптасуына қоғамдық орта-
ның, әсіресе ондағы әлеуметтік тәр-
биенің ықпалы жайлы мәселе. «Ұлт
мемлекетін жасап, – деп жазды ол, –
қазақ арасынан әлеуметшілікті туғы-
замыз деген дәуірде тұрмыз. Жаңа
әлеуметшілікті тура жолмен жасау
үшін елдің бұрынғы, соңғы әлеумет
мінездерін тексеру керек... Әлеу-
метшіліксіз қазақта ұлт тіршiлігі, ұлт
мемлекеті болуы мүмкін емес. Қазақ
әлеуметшілігінің өткенін жөндеп тү-
сініп, әзіргі қалпын анық көріп, кемі-
сін болжай білу... – оқыған зиялыла-
рымызды мінеді... Оңды әлеуметші-
лік құру үшін елдің өткен-кеткен тұр-
мысын, бұрынғы болған әлеумет қи-
мылдарын тану керек».
Бұл түйіндерден оның ұлт (этнос)
психологиясының іргелі мәселелері-
нің ерекше көңіл аударғанын бай-
қаймыз. Оның физиология мен пси-
хологияның көптеген терминдік
атауларын төл тілімізде сонау жиыр-
масыншы жылдардың өзінде-ақ ірік-
теп, құрастырғаны белгілі болып
отыр. Мәселен, оның «жүйке жүйесі»
(нервная система), «жүйке талы» (не-
рвная волокна), «жүйке орталығы»
(нервный центр), «жүйке түйіні»
(нервный узел), «ерік» (воля), «сана»
(сознание), «бырқыл» (лабиринт),
«мишық» (мозжечок), «қозу» (воз-
буждение), т.б. осы іспеттес көптеген
ғылыми атаулары күні бүгінге дейін
өзгеріске түспей қолданып келеді.
Х.Досмұхамедұлы тіл, сөйлеу – адам
психологиясының басты белгілерінің
бірі екендігін ерекше атап өтеді. «Тіл –
жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген
ел болмайды. Тілінен айрылған жұрт –
жойылған жұрт. Мектеп пен бала-
ның тілі дұрыс болса, елдің тілін көр-
кейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп
пен баспада қолданудан қалған тіл –
шатасқан тіл. Ол ел – сорлы ел, мұн-
дай елдің тілі бұзылмай қалмайды...
Ана тілін білмей тұрып, бөтенше
сөйлесең – ол күйініш. Ана тілін жақ-
сы біліп тұрып, жақсы сөйлесу бұл
сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат
тілге еліктей беруі зор қате», – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: