166
туатындығын алдын ала топшылап,
бұларға жол бермеуді қарастырады.
Мұхаммед Хайдар Дулати ел бас-
шысына тән осындай қадір-қасиет-
терді дәріптеп, бұларды келер ұрпақ-
қа аманат етуді ойластырған сияқ-
ты. Ғалымның пікірінше, ел басшы-
сы өзінің бар күш-қуатын өз халқы-
ның мүддесі үшін жұмсауы тиіс.
Оның жаны ізгілікке толы болуы
шарт. Көздейтіні – байлық емес,
жарқын болашақтың асқаралы шы-
ңына ұмтылу.
Мұхаммед Хайдар Дулати пікірінше,
жарқын болашақтан үмітін үзбеген
ел басшысын көпшілік әр кез қол-
дайды, соңынан ереді. Жұрттың кө-
ңілінен шыққан басшы ғана елді дұ-
рыс басқара алады.
Елді басқарудың ең негізгі мәні – ха-
лық сеніміне шүбәсіз ие болу, өзіне
әділдік пен ізгілікті, қайырымдылық-
ты серік ету. Ол болашақты, жақсы
заманды қиялдаушы ғана емес, сол
үшін бар өмірін сарп етіп, соған же-
ту үшін маңдай терін төгетін адам.
Тегінде, мейірімді жүзінен нұр шаш-
қан елбасы елге – құт, ал жаман бас-
шы – жұт. Ерен басшы текті келеді,
ол – көпті көрген, ез бен ерді бір-
ден ажырататын, жұрттың бос қол-
паштауын қажет етпейтін адам. Мұн-
дай тұлғалар туралыққа, әділдікке,
адалдыққа, шындыққа ерекше мән
береді. Бұлардың басты кредосы –
дін мен сенім. «Дін мен сенімді ме-
дет тұтқан адам ғана ұлағаттық атты
иеленеді». Дін мен сенім – биліктің
қос бабы. Ол – тұлғаның ары мен
намысы, ел алдындағы парызы мен
қарызы.
Дін мен сенім жүрген жерде тірліктің
түбірі мықты болады. Дулатидің дін
туралы, әсіресе дін психологиясы
жайлы көзқарастары арнайы зерт-
теуді қажет етеді. Ғұламаның бұл
бағыттағы ізденістеріне зер салсақ,
одан біраз мағлұматтарды аңғаруға
болады. Бұл туралы белгілі ғалым
М.Мырзахметұлы: «Сол кездегі ис-
лам дінінің Орта Азиядағы жағда-
йы, қоғамдағы саяси-әлеуметтік кү-
рестегі орны, түрік халықтары ара-
сында кеңінен таралған Нақышбан-
диа, Насауия, Уванш ордендері мен
теріс жолға түскен «Нурбахши», «Ша-
масин» секталары туралы, яғни жал-
пы суфизм жайлы терең ойлар қоз-
ғап, көп нәрселерден хабардар ете-
ді», – дейді. Мұхаммед Хайдар діни
қызметкер болмаса да, сол кезеңдегі
қоғамның рухани болмысын терең
сезініп, ислам діні мен сопылық ағым-
ның табиғатынан, дін жолындағы
ғалымдардың жазғандарынан хабар-
дар болғаны байқалады. Сол себепті
ғұлама шығармасындағы ислам діні
мен сопылық жайлы ой-танымын, ірі
шейхтер мен маулана атанған діни
ғалымдар жайлы пікірлерін ғылы-
ми тұрғыдан танып білудің айрықша
мәні бар деп білеміз.
Дулати негізінен сопылық жолдағы
шейхтер мен ғалымдарға біраз тоқ-
талып, олар жайлы деректерді жиі
келтіреді. Ғұлама шығармасы арқы-
лы шейх, имам, мауланалар (молда-
лар) өмірі, олардың ұстанған діни
ағымдары жайлы біраз мағлұмат алу-
ға болады. Дулатидің еңбегінде кө-
бінесе сөз болатын ғұламалар: Аб-
драхман Жами, Әлішер Науаи, Сайфи,
Хафиз Али, т.б. Шығармада Абай
көп айтатын ғұлама – Диуани тура-
лы біраз мағлұмат беріледі. Мұхаммед
Қазидің «Сисилет ал-арифин» (Ге-
Достарыңызбен бөлісу: