Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет263/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЕСАЛ

ЕСКЕ


186

ЕСТЕ  ҚАЛДЫРУ  –  ол  арнайы  ес- 

те  қалдыру  және  еріксіз  есте  қал- 

дыру болып екіге бөлінеді.

Еріксіз есте қалдыруда адам алдына 

арнаулы мақсат қоймайды, есте қал- 

дырудың  арнаулы  тәсілдерін  пайда- 

ланбайды. Айналадағы өмірдің түрлі 

көріністері (оқиғалар мен адамдардың 

қимыл-әрекеті,  сөзі  т.б.)  сол  әрекет- 

тің  ағымына  қарай  есте  қалып  оты- 

рады. Ал (арнайы ырықты) есте қал- 

дыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді, 

оны  тудыратын  тиісті  мотивтер  бо- 

лады. Қандай объектіні болмасын әде- 

йілеп есте қалдыру үшін мына төмен- 

дегі  шарттарды  орындап  отыру  қа- 

жет болады:

1) Есте қалдыруда әр кез мақсат, қо- 

йып отыру зор маңыз алады. Оқу ма- 

териалын  жақсы  меңгеру  үшін  оған 

қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін 

алға  айқын,  анық  мақсат  –  қойылу 

керек. Мәселен, оқушыларға бір әң- 

гіме айтып, оны үш-төрт күннен ке- 

йін қайта сұраса, балалардың біразы 

әңгіменің  негізгі  бөлімдерін  қайта 

жаңғырта  алмай  қиналады.  Ал  енді 

осы  оқушыларға  екінші  бір  әңгіме 

айтып, үш-төрт күннен кейін қайтып 

айтып  бересіңдер  десе,  балалардың 

біразы сол әңгімені ұмытпай жадын- 

да ұстай алады. Бұл екі тәжірибенің 

арасындағы  айырма:  соңғыда  мате- 

риалды есте берік сақтау мақсат етіп 

қойылған, ал бірінші жағдайда мұн- 

дай анық мақсат қойылмаған еді.

2)  Есте  қалдырудың  қоғамдық,  тә- 

жірибелік мәні адамның қажетіне де 

байланысты  болады.  Мәселен,  оқу- 

шылар  қандай  бір  шығарманы  оқы- 

масын бір қажетіме керек болар деп 

оқитын болса, оны есте қалдыру қиын- 

ға соқпайды.

3) Оқылатын шығарманы жоспарлай 

алу  –  есте  қалдыруға  көп  жеңілдік 

келтіреді.  Жоспар  мүмкін  болғанша 

анық, айқын, дәл болсын. Қалай болса 

солай құрыла салған жоспар есте бе- 

рік сақтауға негіз бола алмайды. Оқи- 

тын  шығарманың  ішінен  еске  тірек 

боларлық жерлерін іздестіріп, оны бір- 

неше  мағыналы  бөлшектерге  бөлу, 

бөлшектің  әрқайсысының  мағына- 

сына  лайықты  ат  ойлап  табу  –  еске 

қалдыруды  нәтижелі етеді.

4)  Мағыналы  есте  қалдыру  дегені- 

міз  –  нәрсенің  мәніне  түсіну.  Сон- 

дықтан мағыналы түсіну ойлау про- 

цесімен  тығыз  байланысты.  Мате- 

риалды жақсы ұғынып, терең түсіну, 

мағыналы  байланыстар  жасау,  ма- 

ңызды белгілерін анықтай алу – оны 

анализдей,  синтездей,  салыстыра, 

жүйелей білуді керек етеді.

5)  Оқып  отырған  шығарманың  бай- 

ланыс, жүйелерін елестетуге, еске ті- 

рек боларлық ой желісін табуда схе- 

ма,  чертеж,  таблицалармен  қатар, 

арнаулы  шартты  белгілер  қолданы- 

лып  отырса,  есте  қалдырудың  сапа- 

сы арта түседі.

6) Есте қалдырылуға тиіс шығарма- 

ны  адам  мүмкіндігінше  өз  сөзімен 

құрастырған  сөйлемдермен  айтып 

бергені  абзал.  Егер  бала  мұғалімнің 

айтқанын  не  өзінің  кітаптан  оқыға- 

нын  сөзбе-сөз  айтып  беретін  болса, 

мұндай  жағдайда  оның  есі  жақсар- 

майды.


7)  Оқылатын  шығарманы  жақсылап 

есте  қалдыру  адамның  өзін-өзі  тәр- 

биелей алуына да байланысты. Мәсе- 

лен, оның еңбегі жақсы ұйымдасқан 

болса, есте қалдыру дәрежесі де жо- 

ғары  болады.  Күндік  режимге  мән 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет