192
есіктегі «әйнек-көз» арқылы қадаға-
лау кезінде бірқатар адамдарда ай-
рықша психологиялық жай-күй пай-
да болады; мұндайда олар тырдай жа-
лаңаш отырғандай немесе ойлары-
ның бәрі айқын білініп отырғандай
өзін ыңғайсыз, ауыр болады және
көрген түстерін шындық болмыспен
шатастырушылық жағдайлары бай-
қалады. Ж-тың қатаң жағдайында
болу мерзімі ұзарған сайын терең
психологиялық өзгерістер кезеңінде
аса бағалы идеялар, қарым-қатынас
идеялары, тұлғаның қосарласушы-
лық бөлінуі және реакциялық гал-
люцинациялар пайда болады. Ж. жал-
қылықты да білдіреді.
Жеке-дара болу да Ж. Салт адам да
Ж. Отбасында, жанұяда жалғыз өзі-
нің тіршілік етуі. Психология ғылы-
мында адамның жеке басын зерттеу
даралық немесе дифференциалды
психология деп аталады. Жеке басты
зерттеуде адамның жан дүниесінің
сыр-сипатын, психологиялық ерек-
шеліктерін зерттеу күрделі мәселе
болып саналады да, оның кісілік
қасиеттерінің дамуын, жеке процес-
тері мен ерекшеліктерін ашып көр-
сетуге ерекше мән беріледі. Жеке бас-
қа тән сипаттар темперамент пен мі-
нез, оның дара басына тән қабілет-
тілігін айқындап көрсету, бұл ғылым-
да айрықша орын алатын маңызды
проблема болып саналады. Ж. ешкі-
мі жоқтық, саяқтық. Ж. бірен-саран,
аздаған, некен-саяқ дейтін ұғымды
да білдіреді. Халықтық ұғым-түсінік
бойынша Ж. қиындыққа төзіп, тір-
шілік етуіне жанашырлық білдіруі
адами-гуманистік сезімді білдіреді.
Оған мүмкіндігінше көмек көрсетіп,
есіркейтін болған.
Достарыңызбен бөлісу: