ЕС ТЕОРИЯЛАРЫ – Генетика
және молекулярлық физиологияның,
сонымен қатар кибернетиканың да-
муына байланысты соңғы бірнеше
онжылдықта естің биологиялық не-
гіздері мен физиологиялық амалда-
рын зерттеу өзіне ерекше назар ау-
дарды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі
нейрондық деңгейде, демек, жекеле-
ген жүйке жасушаларының жұмы-
сын зерттеу деңгейінде және олар-
дың кешендері еске сақтау үрдісінде
жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте
қалдыру және қайта жаңғыру үр-
дістерінде мидың әртүрлі жасуша-
ларының рөлі туралы, сонымен қа-
тар молекулярлық деңгейде іске асып
жатқан өзгерістердің ес үшін маңы-
зы туралы сұрақтарға толықтай бір-
жақты, сендіретіндей жауаптар әзір-
ше алынған емес. Сондықтан да жо-
ғарыдағы айтылған ойларды тек
қызықты жорамал ретінде қарасты-
руға болады. Осыған байланысты ес
жұмысының заңдарын түсіну үшін
ерекше пайдалы және оны басқарудың
тәсілдерін талдау естің психология-
лық теориялары болып табылады.
Ес туралы соңғы кезде әртүрлі тео-
риялар қалыптасты: олардың ішінде
естің зерттеу амалдары мен заңды-
лықтарын зерттейтін психологиялық,
физиологиялық, биохимиялық, кибер-
нетикалық теорияларды ерекше атау-
ға болады. Психологиялық деңгейде
ес механизмдерін зерттеу хроноло-
гиялық тұрғыдан басқа теориялардан
ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен та-
раған. Алғашқы ес теорияларының
бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жой-
маған, XVII ғасырда пайда болған.
Ассоциативті психологиялық теория
болды. Бұл теория негізінен Англия-
да кеңінен тарады. Оның негізіне
ассоциация туралы ұғым жатады.
Ассоциация – жекелеген психика-
лық үрдістердің арасындағы байла-
ныс, сонымен қатар қоршаған дүние-
дегі құбылыстар мен заттардың ара-
сындағы байланысы айтылады. Бұл
теория бойынша ес қысқа мерзімді
және ұзақ мерзімді өте күрделі жүйе
ретінде түсіндірілді. Ассоциялардың
өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық
ассоциациясы, көршілестік ассоциа-
циясы, қарама-қарсылық (контраст)
ассоциациясы, адамның қысқа мерзім-
ді және ұзақ мерзімді есіне жататын
уақыт пен кеңістікке жақындық ас-
социациясы.
Осы теорияның арқасында естің
қызмет істеуі мен амалының көп-
теген заңдылықтары ашылып және
зерттелді (мысалы, Г.Эббингауз за-
Достарыңызбен бөлісу: |