Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет285/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖАН БЕРУ – жантәсілім берді, өлді 

деген  мағынада,  жаны  жай  тапты, 

рақаттану мәнінде, не өлді деген күй- 

де, жан тапсырды – қайтыс болды, өл- 

ді дейтін мәнде, жан берді, қарғалды, 

ант ішті деген әртүрлі жағдайларды 

білдіретін  сөз  тіркесі.  Психология- 

лық  тұрғыдан  қарастырғанда,  жан 

беру – адамның тіршілік бейнесі мен 

даму процесінің тоқтап, өмірінің аяқ- 

талуы.  Биологиялық  және  діни  на- 

ным тұрғысынан да ол осындай ма- 

ғынаны білдіреді. Ал ант ішіп, қарға- 

ну – адамның халыққа, көпшілік ал- 

дында  мойнына  алған  міндеті  мен 

болған  іске  қатысы  жоқ  екендігін 

білдіретін  сенім  сөзі.  Берген  уәдесі 

мен  антын орындамайтын болса, ол 

адам екі дүниеде бірдей тыным тап- 

пайды. Құдай оның жазасын ертелі-

кеш  береді  деген  сенімде  болады. 

Ж.б. – жантәсілім ету ізсіз, түссіз ке- 

тетін  қарапайым  процесс  емес.  Ол 

құбылыс өзгелердің сезімі мен сана-

сезіміне күшті әсер етіп, жан дүние- 

сін тебірентерлік күйге түсіреді.



ЖАН  ЖАРАҚАТЫ  –  адамның  ба- 

сынан өткен ауыр істер мен азап ше- 

гіп  тіршілігіндегі  қайғы-қасіретке 

ұшырау салдарынан көңілі мен есін- 

де қалған іздер. Сондай-ақ ұмытыл- 

мастай  есте  қалған,  қиын-қыстау 

жайттар,  азап  шектірген  оқиғалар 

мен  ауыр  тіршілік  бейнесі  адам- 

ның  санасында  өшпестей  із  қалды- 

рады.  Ондай  оқиғалардан  адам  қан- 

ша  құтыламын  десе  де  санаға  сің- 

ген  ауыр  күндер  өшпейтіндей  із 

қалдырғандықтан,  үнемі  еске  түсіп 

жаңғырып  тұрады.  Бастан  өткен 

қайғы-қасірет  адамның  жан  дүние- 

сін  жарақаттағаны  соншалық  бүкіл 

өмірде ұмытылмайды. Мидың белгі- 

лі бір алабынан орын тауып, мәңгілік 

орналасып  қалғандай  болады  да  тұ- 

рады. Ж.ж. күйігі ауыр оқиға жайын- 

да  ақын  Қ.Жармағамбетов:  «Жаны- 

на  жара  салып  күйігі  ауыр,  «Анама 

естіртемін»,  –  деді,  неғып»  дейді 

(Баллада)».  Адам  жанының  жарақа- 

ты  оны  әртүрлі  қайғылы,  түңілу, 

мұңаю  сияқты  жағдайларға  еріксіз 

түрде  ұшыратып  отырады.  Өйткені 

Ж.ж.  санада  өшпес  із  қалдырып, 

белгілі  жағдайға  ұшыраған  сайын 

еске  еріксіз  түсіп  отырады.  Саналы 

әрекетімен іс қылған адам ондай ке- 

леңсіз оқиғаны шапшаң ұмытып ке- 

те  алмай  жарақаттанған  жанын  көз 

алдына жиі елестете беретін күн ке- 

шеді. Тіршілікте азап шектірген оқи- 

ғаның  жан  дүниесіне  өшпестей  із 

қалдырып  кетуі  кейде  кісі  жанынан 

түңілетін күйге ұшыратуы тіршіліктен 

түңілтеді.  Ж.ж-н  жазу  адам  қандай 

қиын-қыстау  жайттарды  басынан 

кешіргенімен,  дүниеге  сеніммен  қа- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет