Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет288/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖАН САҚТАУ – тіршілік етіп өмір 

сүру, күнелту. Адам сан қилы әреке- 

ті арқылы тіршілік етуге бейімделіп, 

өзін  сақтайды.  Қажетті  заттар  өн- 

діреді,  пайдасына  жаратады.  Ж.с. 

түсінігінің  синонимі  ретінде  қолда- 

нылатын  сөз  тіркестері  «жан  сауға- 

лады», «жан сауғалаушылық», «жан 

саялады»  дейтін  ұғымдар.  Жан  сау- 

ғалау  –  қауіп-қатерден  аулақ  болып 

қашқалақтау, жеке басын қорғау. Жан 

сауғалаушылық,  жан  сақтаушылық, 

амалдап  күнелтушілік.  Жан  саялау- 

дың  мәні  де  жан  сауғалап  қорғану 

әрекетін  білдіреді.  Психологиялық 

тұрғыдан  Ж.  с.  ұғымы  адамның  әр 

алуан  әрекеттері  арқылы  белгілі 

іс-қимылдарын  білдіреді.  Мұндай 

әрекеттердің  физиологиялық  негізі 

жоғары  жүйке  қызметіндегі  қорға- 

ныс рефлексіне байланысты.

ЖАН  СЫРЫ.  Бұл  сөздің  психоло- 

гия  тұрғысынан  алғанда  бірнеше 

мағынасы бар: 1. Ж.с. – психология- 

лық процестердің мән-жайын, адам- 

ның  даралық  психологиялық  сипат- 

тарының  ерекшеліктерін  ғылыми 

тұрғыдан баяндай отырып түсіндіру- 

ді білдіреді. 2. Адамның психикалық 

күй-жайы болып саналатын зейіннің, 

сезім мен эмоцияның, ерік-жігер қа- 

сиеттерінің  сипат-ерекшеліктерін 

бейнелеуді  де  жан  сыры  деп  атай- 

мыз.  3.  Жан  сырының  тағы  бір  ма- 

ғынасы,  адамның  басынан  кешкен 

оқиғалардын  санада  қалған  бейнесі 

мен ізінің мазмұнын пайымдап білу 

ерекшеліктері.  Ж.с.  біздің  сана-се- 

зіміміздегі  болмыстың  бейнесі.  Он- 

дай  бейнелердің  негізі  –  шындық 

пен ақиқат. Жан сырының сипат қа- 

сиеттерін  қазақ  халқының  ақын-

жазушылары өз туындыларында жан-

жақты  көркем  сөзбен,  поэтикалық 

тілмен  де  бейнелейді.  Ж.с.  тек  пси- 

хикалық процестер емес, тіршілік ету 

бейнесінің  өзге  түрлері  арқылы  да 

нәзік  сезім  күйлерімен  қарым-қаты- 

нас  жасаудың  алуан  тәсілдері  арқы- 

лы да көрініс беріп отырады.

ЖАН  ТАЛДАУ  –  психология  ғы- 

лымында бұл ұғым психоанализ деп 

те аталады. Психоанализ гректің псю- 

хэ  –  жан.  анализ  –  талдау  деген  екі 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет