Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет286/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖАНБ

ЖАНЖ


202

рап, өзінің іс-әрекетін, қимыл-қозға- 

лысын, алға қойған мақсат-мүддесін 

орындап  шығуға  ұмтылуы  керек. 

Сезімді  ақылға  билетіп,  бойындағы 

ерік-жігер  қасиетін  шыңдай  түсі- 

руін өз қолына алуы қажет.

ЖАН  ЖЫЛУЫ  –  психологиялық 

тұрғыдан  қарағанда  адамдардың  өз- 

ара  қарым-қатынасында  біріне-бірі- 

нің  қамқорлық  көрсетіп,  мейірімді- 

лігі  мен  ықылас-ынтасынан  айқын 

байқалатын жайттар. Ой ішінде, от- 

басындағы  адамдардың  біріне-бі- 

рінің  жанашырлықпен  қарап,  өзара 

сыйласымдық пен құрметтеу сезімі- 

не  байланысты  болып  отырады.  Үй 

ішіндегі  ересектердің  кішілеріне 

қамқорлық  жасап,  оларға  тағылым 

берерлік  ықпал  етуі,  үйдегі  балалар 

мен жасы кішілердің ата-аналарына, 

үлкендердің  ақыл-кеңесін  тыңдап, 

оларға  шама-шарқы  жеткенше  кө- 

мектесіп  отыру  жалпы  отбасы  мен 

ағайын-туыс  адамдар  арасындағы 

сүйіспеншілікті  Ж.ж.  жандандыра 

түседі. Ата-аналарының перзенттерін 

болашақ ұрпағым мен өмірімнің жал- 

ғасы  деп  санап,  олар  жайында  қам- 

қорлық көрсету де Ж.ж. маздата түсе- 

ді.  «Балым,  балым,  Баланың  бала- 

сы – жаным» дейтін мақал Ж.ж. көр- 

сетудің  шарықтау  шегін  білдіретін 

туған  әке-шеше  мен  ата-әжелер,  ба- 

лалар  мен  немерелер  арасындағы 

сүйіспеншілікті нығайтып, адамдар- 

дың  жан  дүниесін  шаттық  пен  ма- 

хаббатқа  бөлейді.  Ж.ж-ның  көрінісі 

ұжым ішіндегі адамдар арасында да, 

қызметтес жора-жолдастар арасында 

да  ерекше  адамдардың  рухани  өмі- 

рін байытатын психологиялық қуат- 

ты фактор.



ЖАН  ҚУАТЫ  –  адамның  психо- 

логиялық  сипаттары  мен  психика- 

лық  процестерінің  алуан  түрлі  бо- 

лып,  неше  алуан  қызмет  атқаруы 

мен олардың көрінісін ұлы бабамыз, 

әлемнің  екінші  ұстазы  атанған  Әбу 

Насыр әл-Фараби жан қуаттары деп 

атаған  және  оларға  сол  замандағы 

ғылым  жетістіктеріне  сүйене  оты- 

рып,  адамның  бойындағы  жеке  мү- 

шелердің атқаратын қызметін де дә- 

йектеп түсіндірген. Психикалық про- 

цестер  болып  саналатын  сезім  мен 

түйсік, сөйлеу мен ойлау, жігер мен 

ерікті әрекеттердің бәрі жан қуатта- 

ры деп есептеледі. Ж.қ. материалис- 

тік  және  идеалистік  –  діни  бағыты 

бар  екені  философия  ғылымындағы 

ертеден  келе  жатқан  біріне-бірі  қа- 

рама-қарсы  дүниетанымдық  көз- 

қарас.  Жан  жайындағы  түсінік  пси- 

хологияда – ішкі ойсана сарайы. Ал 

ауыспалы  мағынадағы  жан  түсінігі 

діни  тұрғыдан  қарағанда  адамға, 

жан-жануарларға  тіршілік  беретін 

рух.  Мұндай  көзқарас  бойынша, 

адамның тәні бар және жаны болады 

деген  сенім  болған.  Адамның  жан 

дүниесінің  сыры  объективті  дүние- 

нің  субъективті  бейнесі  деп  түсіну 

бірыңғай  материалистік  тұрғыдағы 

дұрыс түсінік болып табылады. Жан- 

тәнмен бірге тіршілік етеді. Бұл ор- 

ганизмнің табиғи өмір сүруі – шын- 

дық фактор.



ЖАН ҚҰМАРЛЫҚ – жанға әуестік, 

жан  аярлық  дейтін  тіркестерден 

құралған  түсініктің  күнделікгі  сөз 

қолдануымызда  екіжақты  мағынада 

айтыла  береді:  1.  Жанға  әуестік  – 

адамның бас пайдасын ойлап, өмір- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет