Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет299/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖАС  ДАҒДАРЫСТАРЫ  –  онто- 

генездің  қауырт  психологиялық  өз- 

герістермен  сипатталатын,  уақыты 

жөнінен біршама ұзақ емес (бір жыл- 

ға дейін), ерекше кезеңдері. Невроз- 

дық  не  жарақаттық  сипаттағы  дағ- 

дарыстардай  емес,  жас  дағдарыста- 

ры қалыпты процестерге жатады жә- 

не тұлғаның қалыпты, үдемелі дамуы 

үшін қажет. Ж.д. жас тұрғысындағы 

бір сатыдан екіншісіне өтуімен бай- 

ланысты пайда болуы мүмкін және оның 

әлеуметтік  қатынаста,  қарекет,  сана 

саласындағы жүйелі сапалық түрле- 

нуімен байланысты. Балалық жаста, 

әдетте, «бір жас дағдарысы», «үш жас 

дағдарысы», «6-7 жас дағдарысы» жә- 

не «жеткіншек дағдарысы» (10-11 жас) 

сараланады.  Жас  дағдарыстарының 

бұл шектемесі біршама шартты, өйт- 

кені даралық, әлеуметтік-мәдени жә- 

не басқа өлшемдер едәуір шамада әр- 

қилы болады.

Дағдарыстың нысаны, ұзақтығы мен 

өту  қарқындылығы  баланың  дара- 

лық-типологиялық  ерекшеліктеріне, 

әлеуметтік және микроәлеуметтік жағ- 

дайларға,  отбасындағы  тәрбиенің 

тұтастай педагогикалық жүйенің ерек- 

шеліктеріне байланысты әртүрлі бо- 

луы  мүмкін.  Балалық  шақтағы  Ж.д. 

кезеңдеріне балалардың үлкендермен 

қарым-қатынасының жаңа типіне кө- 

шу процестері тән, мұнда баланың жа- 

ңа, өскелең мүмкіндіктері, «әлеумет- 

тік  даму  жағдаятының»  өзгерістері, 

қарекеттің  алмасуы,  баланың  сана- 

сының  бүкіл  құрылымының  қайта 

құрылуы ескеріледі. Балалардың жа- 

ңа жас сатысына өту процестері, бір 

жағынан, оның айналасындағы адам- 

дармен  қарым-қатынастарының  бұ- 

рынырақта қалыптасқан нысандары, 

екінші жағынан, өскелең физикалық 

және  физиологиялық  мүмкіндіктері 

мен талап-тілектері арасындағы кей- 

де  өте-мөте  кереғар  қайшылықтар- 

ды шешумен байланысты болады.

Негативизм, қиқарлық, кірпияздылық, 

шамшылдық және жас дағдарысына 

тән басқа да жағымсыз мінез-құлық 

көріністері  егер  үлкендер  баланың 

қарым-қатынас және қарекет саласын- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет