ЖАУАПКЕРШІЛІК – адамның
белгілі бір іске, тапсырылған міндет-
ке жауапкершілікпен қарап, оны қа-
лай да орындап, жүзеге асырып оты-
ратын адамгершілік қасиеттің көріні-
сі. Ж. біріншіден, адамның міндетті
ісін орындап шығу үшін сол жұмыс-
тың мән-жайын жете түсініп, үнемі
мезгілінде атқарудың әдіс-тәсілін
қарастырады. Екіншіден, орындаған
ісінің өзі мен өзгелерге нендей нәти-
же беретінін айқын аңғарып, көпші-
лікке, қауымға тигізетін пайдасын ой-
ластырып, азаматтық борышын орын-
дайды. Үшіншіден, жеке басы мен
қоғам алдында атқарған еңбегінің
жемісті екеніне көзі жетіп, барлық
қажеттіліктерді қанағаттандырудың
негізі еңбек екендігін терең ұғына-
тын болады.
Сөйтіп, қоғам алдында азаматтық
борышын атқаруымен бірге, өз басы-
на жүктелген жауапкершілікті орын-
дап шығу кісілік беделді қалыптас-
тырып, іскерлікті шыңдайды. Ж. адам-
ның міндетті істі атқаруымен бірге,
оның мінезіндегі ерік-жігерін, қай-
раттылығы мен табандылығын көр-
сететін ерік сапалары болып сана-
лады. Жүктелген міндетіне жауап-
кершілікпен қарайтын адам туған-
туыстарына, жора-жолдастарына,
ұжымдағы қызметтес құрбыларына,
жалпы әлеумет алдында беделді
кісі деп бағаланып, оның абыройын
үнемі көтермелеп, жауапкершілігі
күрделі істерді атқаруға сенім артып
отырады.
Ж-тің кері ұнамсыз жағы – жауап-
сыздық. Жауапсыздық міндетті іске
салқын қарап, жүктелген міндетті
орындамайды. Ондай адам қоғам
алдында абырой-беделге ие бола ал-
майды. Атқарған жұмысында сенім-
сіздік тудырып, ісінің шала-шар-
пылығын бетіне кінә етіп тағады. Жа-
уапкершілік тек мінезде ғана емес,
сондай-ақ сезімдерде, қабылдаулар-
да, саналауда, қатынастарда, мінез-
құлықтың әртүрлі формаларында
көрініс табады. Ж.-тің негізгі белгі-
лері ретінде тұлғаның өз міндеттерін
атқарудағы тиянақтылығын, өз ісі-
не адалдығын, сондай-ақ өз әрекет-
терінің салдарына жауап беруге да-
йындығын, шыншылдығын, әділді-
гін, ұстанымдылығын айтуға бола-
Достарыңызбен бөлісу: |