230
ларда қандай нейрондардың жұмыс-
қа түсетіндігі ғылымға онша мәлім
емес. Дегенмен ғылым бұл салада да
біраз жетістіктерге жетті. Ғалымдар
қазір де арнаулы құрал арқылы ми-
дың кез келген бөліктерімен байла-
ныса алады, түрлі психикалық құбы-
лыстарға сәйкес келетін «тірі» электр
импульстерін тіркейді. Мидағы жүй-
ке талшықтарының жаны да «сірі-
ден» берік. Өйткені, егер бір тал сы-
мы істен шыққан радио-приемник
жұмысын дереу тоқтататын болса,
жүздеген, мыңдаған жүйке клеткала-
ры зақымданған ми өз жұмысын
одан ары жалғастыра береді. Зақым-
данған нейрондар да қалпына келіп
екен. Мәселен, адам қатты ашулан-
ған кезде, жүйке «клеткаларының
бірқалыпты жұмысы бұзыла бастайды
да, оның кейбір нейрондары істен
шығады. Ауруға шалдыққан бөлімнің
әуелі жан-жағындағы клеткалар жо-
йылып, артынан өзгеріс орта шеніне
қарай ауысады. Адамдар түрлі пси-
хикалық ауруларға шалдыққанда
оның нейрондарымен синапстары-
ның (жүйке талшықтарының клет-
каларға ұштасқан жуандау жері)
кейбір бөлімдері бұзылады да, кейін
бұл жүйке клеткалары өзгеріске тү-
сетін көрінеді.
Мида әлсіз электр токтары (биоток-
тар) жұмыс істейтіндігі ғылымға көп-
теп мәлім. Биотоктардың мидағы жү-
ріс-тұрыс, өрісін осциллограф дейтін
аспап арқылы зерттейді. Мәселен,
оны электродпен жалғастырып адам-
ның басына кигізгенде, биотоктар
ирек сызық түрінде қағазға түседі.
Осындай жазылымды мидың элек-
троэнцефалограммасы дейді. Био-
токтардың бірнеше ритмдері (тол-
қындары) ажыратылады.
Мәселен, мида секундына 9-12 жиі-
лік шамасында өрістейтін «альфа
толқын» (мидың дем алыс, тыныш
жағдайын көрсететін ритм), секун-
дына 3-5 жиілікпен өтетін «дельта-
толқын» (ұйқы кезіндегі ми қызметі-
нің ритмі), секундына 13-20 жиілік-
те болатын «бета – толқын» (күрделі
ой жұмысы жағдайындағы ми қыз-
меті) өріс алып отыратындығы анық-
талған.
Достарыңызбен бөлісу: