Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет324/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖҮЙЕ

ЖҮЙК


228

жүйке  жүйесіне  жұлын  мен  ми,  ал 

перифериялық  жүйке  жүйесіне  ми 

мен жұлын жүйкелерінен тарайтын әр 

түрлі шеткі жүйкелер жатады.

Жануарлар  мен  адамдардың  психи- 

калық әрекетінің материалдық негізі 

болып табылатын мидың және оның 

бөліктерінің құрылысы эксперимент- 

ті зерттеулер арқылы ғылымда жан-

жақты, толық дәлелденген. Орталық 

жүйке  жүйесінің  бөліктерінің  орна- 

ласуы көп қатарлы үйдің құрылысы- 

на ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі 

орналаса біткен. Осы бөліктердің жо- 

ғарғысы төменгісінен құрылысы жө- 

нінде, атқаратын қызметі жөнінде де 

күрделірек болып келеді.

Орталық  жүйке  жүйесінің  төменгі 

бөлімі – жұлын (жуандығы 1 санти- 

метрдей)  омыртқа  қуысының  ішіне 

орналасқан,  оның  ұзындығы  ересек 

адамдарда  орта  есеппен  45  см-ге 

дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағын- 

да  сұр  зат  орналасқан.  Мұның  көл- 

денең кесіндісінің пішіні көбелектің 

бейнесіне  ұқсайды.  Сұр  зат  ней- 

рондардың  ұзын  бұтақтарынан  тұ- 

ратын  ақ  затпен  қоршалған.  Жұ- 

лыннан  жан-жаққа  31  жұп  жүйке 

талшықтары  тарайды,  олардың  бір 

тобы  –  ортаға  тебетін,  екінші 

бір  тобы  –  шетке  тебетін  жүйке 

деп  аталады.  Жұлын  біздің  саналы 



әрекетіміздің  орталығы  емес,  ол 

қарапайым  қозғалыстарымыздың 

(аяқ-қолды  бүгу,  керіп-созу  т.б.) 

жұмысын  басқаратын  орталық 

болып табылады.

Мәселен,  жаңа  туған  нәресте  емуге 

әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол 

сілекей  бөледі.  Мұның  бәрі  жұлын- 

ның шартсыз рефлекстері, олар орга- 

низмге туысынан тән болады. Орта- 

лық жүйке жүйесінің екінші бөлігі – 

ми.  Оның  орташа  салмағы  ересек 

адамдарда  1400  грамдай.  Мұндағы 

сопақша, ортаңғы және аралық ми – 

бәрі  қосылып  ми  бағанасын  құрай- 

ды.  Ми  бағанасы  әсіресе,  омыртқа- 

лы  жануарлардың  өмірінде  ерекше 

рөл атқарады.

Сопақша  ми  –  жұлынның  тікелей 

жалғасы.  Мұнда  жүрек  қызметінің, 

қан  айналысы  мен  ас  қорытудың 

жүйке  орталықтары  бар.  Біздің  дем 

алу, түшкіру, шайнау, жұтыну сияқты 

түрлі  реакцияларымыз  сопақша  ми- 

дың  қызметі.  Сопақша  мидың  сырт 

жағында,  формасы  ағаштың  жапы- 

рағына  ұқсас  мишық  орналасқан. 

Мишық  организмнің  қозғалысын, 

оның  бірқалыпты  жүріс-тұрысын 

басқарып отырады, ол шартсыз реф- 

лекстік  сипаттағы  қозғалыстардың 

үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұ- 

лардан  жоғарырақ  орналасқан  орта 

мида  құлақ  пен  көзден  баратын  ті- 

тіркендіргіштерді,  скелет  еттерінің 

қалпын  реттейтін  жүйке  орталықта- 

ры  бар.  Аралық  ми  көру  төмпешік- 

терінен және төмпешік асты аймағы- 

нан тұрады. Мидың осы бөлігін тор 

тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл 

бөлім  дененің  барлық  рецепторла- 

рын ми қабығымен байланыстырады, 

ал мұндағы көру төмпешігі – аффе- 

ренттік  талшықтардың  жиынтығы 

болып табылады. Мидағы осы орта- 

лық,  оның  төменгі  бөліктеріне  (жұ- 

лын  т.б.)  басшылық  ету  процестері- 

нің  жұмысын  реттестіріп  отырады. 

Ми қызметінің белсенділігін арттыру 

не төмендету, оған баратын импульс- 

терді  іріктеп,  електен  өткізу  де  осы 

бөлімнің  қызметі.  Оны  миды  энер- 

гиямен қамтамасыз ететін аккумуля- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет