Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет333/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

зАҢП

зЕЙІ


234

орны  ерекше.  Оқыту  мен  оқуда, 

жетістікке жету, зерттелетін объекті- 

ге зейін қоюдан басталады. Адамның 

кез келген мақсатты іс-әрекеті З. ар- 

қылы жүзеге асады. З-нің келесі түр- 

лері бар: ырықсыз (еріксіз), ырықты 

(ерікті) және үйреншікті З. Еріксіз З. 

адамның мақсатынсыз-ақ сана заттар 

мен құбылыстарға бағытталады. Ерік- 

ті  З.  мақсатты  іс-әрекеттерді  орын- 

даумен байланысты.

Ал  үйреншікгі  З.  адамның  іс-әре- 

кетінің  өмір  тәжірибесінде  қалып- 

тасып  отыратын  түрі.  З.  келесі  қа- 

сиеттерімен  сипатталады:  көлемі, 

бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, 

ауысуы,  толқуы.  З-нің  мұндай  қа- 

сиеттері  бір-бірімен  тығыз  байла- 

нысты  және  іс-әрекет  кезінде  олар- 

дың  өзара  үйлесімділігі  болады.  З. 

басқа  процестерді  сүйемелдейтін 

субъективтік  фактор.  З-ді  кейде  ат- 

тенционалды әрекеттер деп те атайды.

З. (А.Р. Лурия) – субъекттің қажетті 

ақпаратты  таңдап  алу,  қимыл-қозға- 

лыс-тардың  таңдамалы  бағдарлама- 

сын сүйемелдеп, қамтамасыз ету жә- 

не  осы  бағдарламаның  ағымын  қа- 

дағалау процесі. З.-нің негізі ретінде 

тұлғаның  қызығушылықтары  мен 

қажеттіліктері,  бағдарлары  мен  ба- 

ғыттылығы тұрады. С.Л.Рубинштейн- 

нің  пікірінше,  зейінде  сананың  зат- 

пен  байланысы  көрініс  табады.  З. 

мен объект өзара әсерде болады. Бір 

жағынан,  зейін  затқа  немесе  объек- 

тіге  бағытталады,  екінші  жағынан, 

объект зейінді өзіне аудартады. З-нің 

нақты  бір  объектіге  бөлінуі  субъек- 

тіге,  яғни  адамға  ғана  байланысты 

емес,  сондай-ақ  зейінді  тудырған 

объекттің қасиеттері мен сапаларына 

да байланысты. З-нің оянуы – бағдар- 

лық-зерттеудің бастамасы. В.И.Стра- 

ховтың  тұжырымдауынша,  шынайы 

зейін  мен  шынайы  зейін  емеспен 

қатар,  адамда  зейінді  болып  көріну 

және  зейінді  емес  болып  көріну  де- 

ген қасиеттер кездеседі.

Оны  ол  зейіннің  сыртқы  формасы 

мен  оның  шынайы  күйінің  кейде 

сәйкес келмеуімен түсіндіреді.

Зейін тітіркендіргіштердің келесі қа- 

сиеттерімен ынталандырылады: 1) ин- 

тенсивтілігі; 2) жаңалығы; 3) аффек- 

тивтілігі.

П.Я.Гальпериннің  тұжырымы  бо- 

йынша:  З.  –  бағдарлық-зерттеулік 

іс-әрекеттің  негізгі  шарты.  Өзінің 

қызметі жағынан, зейін өзі бағыттал- 

ған феноменнің мазмұнын қадағалау 

болып  табылады.  Зейінде  қадағалау 

белгілі  бір  белгі,  өлшем,  үлгі  арқы- 

лы жүзеге асады.

Ал  Л.С.Выготский  бойынша,  ырық- 

ты  зейін  ұғымдардың,  түсініктердің 

дамуына байланысты, яғни берілген 

жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін 

түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне бі- 

луге  байланысты.  Адамның  психи- 

калық  ұйымдасуының  құрылымына 

сүйене  отырып,  зейінді:  1)  процесс 

(немесе психикалық процестің жағы: 

сенсорлық және т.б.) ретінде; 2) күй 

(зейіннің шоғырланған күйі) ретінде; 

3)  тұлғалық  қасиет  (зейінділік)  ре- 

тінде анықтауға болады. З-нің функ- 

циялары  –  1)  қазіргі  сәтте  қажетті 

психологиялық және физиологиялық 

процестерді  белсендіріп,  қажетті 

еместерін  тежейді;  2)  ортадан  келе- 

тін  ақпараттың  мақсатты,  ұйымдас- 

қан  түрде  сұрыпталуын  қамтамасыз 

етеді; 3) белсенділіктің бір объектіде 

ұзақ  уақыт  шоғырлануын  қамтама- 

сыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет