зЕЙІННІҢ НЕГІзГІ ҚАСИЕТ-
ТЕРІ. Зейін жөнінде әңгіме болғанда
оның мына төмендегі қасиеттерін ес-
ке алады: 1. Зейіннің тұрақтылығы
және жинақтылығы. Адамның зейіні
бір объектіге немесе бір жұмысқа
ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейін-
нің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өн-
діріс озатының, не хирург дәрігердің
жұмыс үстіндегі зейінін осыған жат-
қызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақ-
тай алу арқасында адам істеп отыр-
ған ісін тереңінен түсініп, оның әр
түрлі байланыстарын анықтайды.
Зейінді тұрақтата алушылық саналы
әрекетке өзіңді жеге алудың басты
бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу проце-
сінде маңызы зор. Сабақ үстінде ба-
ланың назарын көп нәрсеге аудармай,
басты бір нәрсеге не белгілі бір әре-
кетке ғана аударып, оған тұрақтатып
әдеттендіру керек. Сонда ғана бала
есейген кезде үлкендердің көмегін-
сіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақ-
тай алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстінде зе-
йінін 10-20 минуттай бір объектіге
тұрақтата алады. Осындай 10-20 ми-
нуттық зейін қоюшылықтан кейінгі
бірнеше секундта көңілдің бір нәр-
сеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары
ұйымдастырылуына ешбір нұқсан
келтірмейді. Қайта бұл секілді тыны-
Достарыңызбен бөлісу: |