236
дамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы
жолы болып табылады.
5) Зейінді болуды өзіңе үнемі ескер-
тіп отыру керек. Бір сөзбен айтқан-
да, ырықты зейін деп іс-әрекетті жос-
парлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен еш-
қашан қалмай ілесіп отырады. Ырық-
ты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін
ырықтыға қарай жиі алмасады. Шын-
дығында, адамның үнемі ырықты
зейін жағдайында болуы мүмкін де
емес. Оқушы алғашқыда жай қы-
зыққан нәрсесіне тікелей зейінін
аударады, ал содан кейін сабақтың
мақсатына қарай тікелей қызық емес
басқа материалдарға да зейін қояды.
Алғашқы уақытта қызықсыз болып
көрінген сабақ кейін балаға түсінік-
ті бола бастайды. Бұл кезде оның
ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырық-
ты зейінінің пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын
түрі де бар. Үйреншікті зейін -адамға
табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш
жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мә-
селен, бала оқуға төселсе, бұл оның
тұрақты әдетіне айналса, оның зейі-
ні де үйреншікті бола бастайды. Қан-
дай нәрсеге болса да үйреніп, жатты-
ғып алған соң, адамның іс-әрекеті
дағдысына айналады. Үйреншікті
зейіннің де табиғаты осыған ұқсас.
Өйткені үйреншікті зейін ырықты
зейіннен дамып қалыптасады. Зейін-
нің қай түрі болмасын іс-әрекеттен
нәтиже шығаруға бағытталады. Егер
адам жұмысқа өздігінен беріліп істе-
се ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ
ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей
беру де оңай емес. Мұндай жағдайда
ырықты зейінге орын беріледі. Ыл-
ғи ырықты зейінмен жұмыс істеу
де адамды қажытып шаршатады.
Сондықтан адам жұмысты зейіннің
осы екі түрін қатынастыра отырып,
үйреншікті зейінмен істеуді әдетке
айналдыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: