Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет36/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АКМЕ

АКСЕ


27

рініс табады. Сонымен қатар, психо- 

логиялық А. түсінігі де бар, ол – ба- 

лалардың  ақыл-ой  дамуының,  жан 

қуаттарының  түрлі  әсерлерге  орай 

тезірек дамуы.



АКСИОЛОГИЯ – тұлғаның, топтың, 

ұжымның,  қоғамның  материалдық, 

мәдени,  рухани,  адамгершіліктік 

және психологиялық құндылықтары 

жөніндегі  ілім.  Жалпы  адамзаттың 

тіршілігі болмыстағы құндылықтар- 

ды  орнықтырады,  әрбір  қоғамда 

құндылықтық-нормалар  жүйесі  қа- 

лыптасады. Қандай да бір құндылық- 

ты өлшеу мен бағалау уақыт өте келе 

өзгеріп отырады. А. тұлғаның, дүние- 

нің, әділдіктің өзіндік құндылығы жө- 

нінде тұжырым жасайды. Адаммен 

қабылданған  құндылықтар  оның  өз 

субъективті  құндылықтық  бағдарла- 

рын  құрайды.  Құндылықтардың  қа- 

рама-қайшылықсыздығы  тұлғаның 

біртұтастығын сақтайды.



АКТИВАЦИЯ  (лат.  activus  –  қаз. 

әрекетшіл)  –  негізінен,  іс-әрекетке 

даярлық ұғымын білдіреді. А. – жүйке 

жүйесінің  қозу  және  реактивтілік 

деңгейін  сипаттайтын  күйі.  А.  өзі- 

нің психологиялық механизмдері бо- 

йынша  әртекті  болып  табылады.  А. 

мидың  лимбикалық  және  ретику- 

лярлық жүйе құрылымдарын қамти- 

тын жүйке жүйесі бөлімдерінің жал- 

пы  әсерлерімен  анықталады.  Осы 

әсерлердің  балансының  өзгеруіне 

қарай А. вегетативті көрсеткіштерде – 

жүрек  соғысының  жиілігі,  тері  қар- 

сылықтары, артериалды қысым, ты- 

ныс  алудың  өзгеруінде  белгіленген 

сапалық  ерекшеліктері  де  өзгереді. 

А.  ұзақ  мерзімді  –  тоникалық  және 

қысқа  –  физикалық  болады.  Оның 

жалпы сипаттамасы болып табылатын 

жүйке жүйесінің А. мен жеке ми құ- 

рылымдарының А., сондай-ақ психо- 

логиялық А. мен физиологиялық А. 

ажырату қажет. Активация: жеке-да- 

ралық деңгей – әрбір адамның өзіне 

тән А. деңгейі. Оның фонында адам- 

ның әдеттегі іс-әрекеті жүзеге асады. 

Бұл деңгей – жеке-даралықтың таби- 

ғи  детерминациясы  болып  табыла- 

ды. Активация: оптималды деңгей – 

жүйке  жүйесі  күйінің  мінез-құлық 

әрекетіне максималды сәйкес келу дең- 

гейі.  Осының  салдарынан  іс-әрекет 

үлкен тиімділікпен орындалады.

АКТУАЛАНДЫРУ  –  актуалис  де- 

ген лат. сөзі. Мәселелер мен құбылыс- 

тардың  мән-жайын  ашып  көрсетіп, 

нақты іс-әрекетке айналдыруА. пси- 

хологияда бұрын әсер еткен бейнелер- 

ді есте тиянақты сақтауА. бейнелер 

мен қимыл-қозғалыстарды, ой жүйесі 

мен айтылған сөз тізбегін анық жаң- 

ғырту әрекеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет