264
шақтың тез өткеніндей, келер шақ-
тың өте ұзақ тәрізденіп көрінуі –
субъективтік жағдайлардың нәтиже-
сі. Егер адамның уақыты мағыналы,
қызықты істермен толы болса, ол уа-
қыттың қалай өткенін байқамай да
қалады.
Адамның көңілі қаншалық шат бол-
са, уақытта соншалықты тез өткен-
дей болып қабылданады. Мәселен,
қызық ойын үстінде уақыт тез өтеді.
Ал, керісінше, адамның уақыты мән-
сіз өтсе, ол кезең бітпейтіндей бо-
лып көрінеді. Мәселен, поезды кү-
тіп отырған адамға уақыт өтпейтін-
дей көрінеді. Уақыттың қабылдануы
оның қандай мазмұнда болуымен
де шарттасып жатады. Егер ұсақ-
түйек әрекетпен өткен уақыт ұзақ
болып көрінсе, пайдалы әрекетке то-
лы уақыт тез өтеді. Көбінесе уақыт-
ты субъективтік болжау дұрыс бол-
май шығатындықтан, оны объектив-
тік өлшемдермен (минут, сағат, тәу-
лік, апта т.б.) өлшеген дұрыс болады.
КЕСЕПАТТЫЛЫҚ – адам міне-
зіндегі кесірлі, зиянкес, қаскүнем
әрекеттері арқылы ерекшеленетін си-
паттар. К. қырсық, пәле ретінде де
мінездің жағымсыз, жексұрын ерек-
шеліктерімен де көрініс береді. К-ты
Абай былай анықтайды: «Қазақтың
малын сыпырып, Көп пәлеге шаты-
лып, Кесепатқа жолықты, Өзінен шық-
қан жақсылар, Түзей алмай зорық-
ты». Мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі
К. бар адамды әлеуметтік өмірде мі-
неп, сынап өзгелерді олардан қорға-
ған. К. көрсеткен адамды жөнге салу
үшін оны дұрыс жолға салып қайта
тәрбиелеу шараларын қолданған. Адам
баласы мен қоғамға жауыздық әре-
кет жасағандарды кесепатты деп са-
наған. К. мінездегі зиянкестік, жексұ-
рындық сипат болғандықтан, ондай қы-
лықты жойып, қайта тәрбиелеу ісі-
не қоғамдық өмірде ерекше көңіл
аударылады.
КЕСТЕ (Ж.Пиаже теориясында-
ғы) – ағзаның сыртқы орта жағдай-
ларына бейімделу әдістеріндегі опе-
рациялар мен әрекеттердің қарапа-
йым және қайталану реті. Өмірдің түр-
лі жағдай-ларында адамның ойла-
нуы мен қылығын ұйымдастыруды
басқаратын ішкі интеллектуалды пси-
хологиялық құрылым. Практикалық
және эксперименталды психология-
да алынған материалдардың статис-
тикалық өңдеулерінде қолданылып
зерттеу нәтижелерін тиімді жария-
лауға дәнекер болады.
КЕШІРІМДІЛІК – адамның оқыс
істері мен әлеуметтік өмірде, қоғамға
зиянды іс-әрекет жасап, залалды іс-
терінің мән-жайын түсіндіріп, оған
гуманистік тұрғыдан қамқорлық көр-
сетіп кеңшілік көрсету. Белгілі қоғам-
дағы мемлекеттік жоғары билік орын-
дары әлеуметтік өмірдегі зиянды
әрекеттермен, қылмысты істермен
айналысқан адамдарға лайықты жа-
за қолданумен бірге, оны қайта тәр-
биелеп жөнге салуға болады деп тап-
са, оған кешірім жасалады. Ал күн-
делікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп,
іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз
қылықтарына да К. жасалып оған
дұрыс жол-жосық көрсетіледі. Айы-
бын мойнына алып, қатесін дұрыс
сезініп, оған өкініш білдіретін адам-
ға да К. жасалады. Кешірім сұрау –
әрбір адамның өзі жіберген қатесін
Достарыңызбен бөлісу: