267
сияқты өтетін жағдай. Клиентті қол-
дау – психолог-кеңесші тарапынан
клиентті эмоционалдық, сөздік қол-
даулар. Мұндай қолдаулар ниет біл-
діру, есіркеу, жан ашу, уайымына
ортақтасу, мақұлдау, ұнату, көңіл ай-
ту, тілектес болу, мадақтау т.с.с. ар-
қылы білдіріледі. Интерперсонал-
дық сапалар – клиентпен жекелік
қатынасында көрініс беретін психо-
лог-кеңесші мінезінің психология-
лық қасиеттерінің жиынтығы.
КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ –
медициналық психологияның ауру-
лардың пайда болуы мен барысының
психикалық факторларын, аурулар-
дың тұлғаға ықпалын, емдік, шипа-
лық ықпал әсердің психологиялық
аспектілерін зерттейтін саласы.
Клиникалық психологияның мақса-
тымен міндеттері психиатриялық,
неврологиялық, соматикалық клини-
каның практикалық қажетсінуле-
рімен анықталады. Осыған сәйкес,
К.п. патопсихология, нейропсихоло-
гия, соматопсихология проблемала-
рының тобына тұлғаны зерттеу, нев-
рологиялық және психикалық ауру-
ларға жатпайтын әр түрлі аурулар-
мен ауырған науқастардың диагнос-
тикасының, емдеудің, сараптаудың
психологиялық мәселелері қамты-
лады.
Соматопсихологияда психосоматика-
лық кінәраттары – шығуы мен өтуі
барысында психикалық факторлар
жетекші орын алатын ішкі аурулар-
мен (мыс. Гипертониялық аурулар,
бронх демікпесі, созылмалы коро-
нарлық жетімсіздік және т.б.) ауыра-
тын ауруларды зерттеудің ерекше
маңызы бар. Клиникалық психология-
ның пато-, нейро-, және стоматопси-
хология болып бөлінуі өте шартты
түрде және аурулардың дәстүрлі
медициналық топтастырылуын бей-
нелейді.
К.п. салалары зерттеу міндеттері,
қолданылатын әдістері арқасында,
сондай-ақ клиникалық психология-
ның бірнеше тарауының зерттеу пә-
ні болып табылатын шекаралық па-
тологияның болуымен байланысты
бір-бірімен жақындайды. Клиника-
лық патологияның теориялық және
қолданбалы мән-маңызы диагнос-
тикалық және сараптамалық жұмыс-
ты жетілдіру, емдеу шараларының
психологиялық әлеуетін күшейту, ау-
рулардың өзара қарым-қатынаста-
рын зерттеу, емдеу мекемелері қыз-
меткерлерінің жұмысын ұйымдас-
тыру және клиникалардың емдік ор-
тасын оңтайландыру, емдеудің нәти-
желігін және оң нәтижелерінің ұзақ-
тығын арттыру, науқастардың ауру
барысындағы пайда болған тұлға-
лық өзгерістерін түзеу мәселелерін
шешуде жан-жақты ашылады. Шетел-
дерде, атап айтқанда, АҚШ-та кли-
никалық психологияның көлемі «ме-
дициналық психология» ұғымының
мазмұнына сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: