Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет394/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

КөРУ

КөРУ


276

дерінде  шақшалар  әрекет  етпейді. 

Олар  тек  таяқшалар  арқылы  көреді. 

Ондай  адамдар  ымырт  түскенде  та- 

уық сияқты ештеңе көрмейді, не өте 

нашар  көреді.  Мұны  «тауық  соқыр- 

лығы»  дейді.  Мәселен,  күндіз  ғана 

көретін тауық, кесіртке, жылан, кеп-

тер  сияқты  жануарлардың  көзінде 

таяқшалар  болмайды  да,  түнде  ғана 

көретін  байғыз,  үкі,  жарқанат,  кірпі 

сияқтылардың көздерінде шақшалар 

болмайды.  Әрине,  басқа  түйсінулер 

сияқты көру түйсінуінде де кемшілік-

тер кездеседі. Сонымен қатар көздің 

ауруы және оның кейбір физиология- 

лық  кемшіліктері  қалыпты  көру  үр- 

дісіне әсер етеді.

Мәселен,  кейбір  адамдар  заттардың 

түстерін  ажырата  алмайды,  көбіне  

олар қызыл түс пен жасыл түсті көр- 

мейді.  Міне,  көзінде  осындай  кем-

шілігі  бар  адамдарды  дальтониктер 

деп атайды. Бұл типтегі адамдар қы- 

зыл түс пен жасыл түсті сары түс деп 

қабылдайды.  Сонымен  қатар  көру 

түйсігінің кемшіліктеріне кейбір адам- 

дар жақыннан жақсы көреді де, алыс- 

тан  көрмейді,  ал  енді  біреулері  жа- 

қыннан нашар көреді де, алыстан жақ- 

сы  көреді.  Жақыннан  көрушілікке 

де  арнаулы  көзілдіріктерді  пайдала- 

ну қажет. «Түстерге соқырлық» хро- 

матикалық түстерді түйсіне және ажы- 

рата  алмаудан  аңғарылады.  Кейбір 

адамдарда  толықтай  хроматикалық 

түстерге соқырлық кездеседі. Барлық 

түстерді  ахроматикалық  қоңыр  түс 

ретінде түйсінеді. Статистикалық мә- 

ліметтер  бойынша,  түстерге  соқыр- 

лық ер адамдардың 4 пайызында жә- 

не  әйелдердің  0,5  пайызында  кез- 

деседі.  Соқырлық  қызыл  және  жа- 

сыл түстерге жиі кездеседі.

Ал  күлгін  түстерге  соқырлық  сирек 

болады. Түстерге соқырлықтың себе- 

бі шақшалар жұмыс істемейді, істесе 

де жеткіліксіз істейді. Жарыққа, түс- 

терге соқырлық, әртүрлі жануарлар- 

дың көру органдарын арнаулы зерт- 

теулер дәлелдегендей, шақшалар мен 

таяқшалар  құралының  жеткіліксіз 

жұмыс істеуіне байланысты. Алыста- 

ғы және жақындағы заттарды көздің 

торына  дұрыс  бейнелендіру  үшін 

көздің  хрусталигі  бірде  томпайып, 

бірде  жалпайып  отыруы  керек.  Зат 

жақындаған сайын ол томпая түседі, 

зат  алыстаған  сайын  ол  жалпая  тү- 

седі.  Көздің  мұндай  әрекетін  акко- 

мадация  (латын  сөзі,  қазақша  «көз 

үйрету»  мағынасында)  деп  атайды. 

Екі  көз  бір  көздей  болып  бірлесіп 

әрекет етеді, заттың суретін көздің са- 

ры дағына түсіру үшін олар көріне- 

тін  заттарға  қарай  бұрылады,  мұны 

конвергенция  (латын  сөзі,  қазақша 

«жақындату»  мағынасында)  дейді. 

Бір  көзбен  көруді  –  монокулярлық 

көру, екі көзбен көруді бинокулярлық 

көру  дейді.  Бүкіл  сырттан  келетін 

ақпараттың 90% көру түйсіктері ар- 

қылы қабылданады, тек қана 9% есту 

түйсіктері  арқылы  қабылданатын 

болса, қалған 1% басқа түйсіктері ар- 

қылы іске асатындығын психологтар 

дәлелдеген болатын.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, адам- 

ның  көзі  жарты  миллионнан  астам 

түстердің реңін ажырата біледі. Біз- 

дің тілімізде барлығы 300-ге тарта түс- 

тердің  аттары  кездеседі.  Олардың 

көмегімен қоршаған дүниеден бояу- 

дың  барлық  байлығын  беру  мүмкін 

емес. Сезім органдарының, оның ішін- 

де көру, есту түйсіктерінің адамның 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет