277
өмірінде атқаратын рөлі орасан зор.
Мәселен, көру, есту түйсіктерінен ту-
ғаннан айырылған адамдарда өмір
барысында ол түйсіктердің қызметін
сипай сезу, тактилдік, діріл түйсіктері
атқаратындығын көзі көрмейтін, құ-
лағы естімейтін адамдардың өмірі-
нен нақты мысалдар келтіру арқы-
лы көзімізді жеткізуге болады. Бір
кезде есімі әлемге танымал болған,
дарынды дефектолог-ғалым, пси-
хология ғылымдарының кандидаты,
ерекше тағдырдың иесі, Ольга Ско-
роходова балалық шағында көз бен
құлақтан айырылды, бірақ орта
және жоғары білім алды. Бірнеше
ғылыми-психологиялық және әдеби
еңбектердің авторы, көру және есту
органдарынан толық айырылуына
қарамастан, бұл еңбектер әлемдік
ғалымдардың арасында ерекше қы-
зығушылық туғызды. Оның негізгі
еңбектеріне: «Мен қалай қоршаған
дүниені қабылдаймын» (1947); «Мен
қалай қоршаған ортаны қабылдай-
мын және елестетемін» (1954,1956);
«Мен қалай қоршаған ортаны қабыл-
даймын, елестетемін және түсіне-
мін» (1972).
Ол XVIII халықаралық психолог-
тардың конгресінде (Москва, 1966 ж.)
сөйлеген сөзінде былай деген еді:
«Көру және есту органынан айырыл-
ған адам қолымен мүсінді ұстап кө-
ре алады, осыдан өзі қанағаттанған-
дық сезімге бөлінеді. Мен бұрын да
қолдың көмегімен ерте кездің жиһа-
зын, киімдерін, өткір бұрыштармен
аяқталатын терезелерін, фигуралар
мен әртүрлі макеттерді сезіп қабыл-
дау туралы жазған болатынмын.
Осының бәрі көзі көрмейтін, құлағы
естімейтін адамға эстетикалық тұр-
ғыдан қабылдауға мүмкіндік береді.
Біз жердің, шөптердің, гүлдердің хош
иісін, теңіздің немесе өзеннің иісін,
егер олар жақын болса, түйсінеміз. Му-
зыканы тыңдау үшін ойнап отырған
адамның музыкалық аспабына қо-
лымды қойғанда, пырылдап ұйықтап
жатқан мысықтың мойнына саусақ-
тарымды салсам, мен одан ләззат
аламын». Сол сияқты ол найзағайдың
қалай күшті күркіреген дыбысын,
теңізде шомылу кезінде толқындар-
ды вибрация (діріл) арқылы қалай
түйсінетіндігін, одан қандай ләззат
алатындығы туралы тебірене айтқан
болатын. Сол сияқты Ольга Скорохо-
дова түсті ажырату, кеңістіктегі су-
реттерді, жануарлар туралы түсінік-
терді қалай елестететіндігі, оның таң-
ғажайып сыры туралы тебірене жазды.
КөРІПКЕЛДІК – адам мінезіндегі
сезімталдық пен пайымдағыш қасиет-
ті білдіретін сипат. К. білгірсініп, кө-
регендік көрсету, болжағыштықты
білдіретін адамның даралық ерек-
шелігі. К. қасиетті бір орайда кекесін-
ді түрде сипаттап білгірсу, көргенсу,
болжағышсыну деп те анықтайды.
К-ке берілген мұндай анықтаманың
мән-жайы сәуегейлік деп түсіндіріп,
К-ті сықақ етіп сынап айтқанды біл-
діреді. «Келіп қалған көңілге бұл
бір сезім, Келген сөзді бүгерлік жоқ
мінезім; Ғибрат айтар сәуегей болма-
сақ та, Құрбы-құрдас оқы да ойла өзің»
(Аманжолов).
К. алдағы болар істі, оқиғаны «осы-
лай болады екен» деп болжамдап ашу-
ды білдіреді. К. – қасиет адамның
өмір тәжірибесіне, білім деңгейі мен
Достарыңызбен бөлісу: