310
ҚАзДАУЫСТЫ ҚАзЫБЕК ӘЛІ-
БЕКҰЛЫ (1667-1764). Орта жүздің
биі. Оның толғауларында қазақ пси-
хологиясына қатысты көптеген мәсе-
лелер сөз болады. Мәселен, ол жас
ұрпақтың тегіне, тұқымына тартып
туатынын сөз етеді, («Бір бала бар –
атаға жете туады, бір бала бар – ата-
дан өте туады, бір бала бар – кері ке-
те туады», «Атадан жақсы ұл туса,
ерінің туы болады, Атадан жаман ұл
туса, көшінің ең соңы болады» т.б.).
Ол халқымыздың ағайын-тума, жек-
жат-жұрағат қарым-қатынастарына
байланысты терең түйіндер айтқан
(«Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы
болса, апайың жақын, Бауырмал
болса, інің жақын, Инабатты болса,
келінің жақын, Алдыңа тартқан адал
асын, Қимас жақын – қарындасың,
Сыбайлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың жақын» т.б.). Ор-
та жүздің ұлы биі отансүйгіштік, пат-
риотизм мәселелеріне ерекше көңіл
бөлген («Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат, Туып
өскен елің қымбат, Кіндік кескен же-
рің қымбат, Ұят пенен ар қымбат»
т.б.). Қазыбек бидің 15 жасында Қал-
мақ еліне барғанда айтқан отансүй-
гіштік сөзінің өзі қазіргі біздерді қай-
ран қалдырады («Сен қалмақ болсаң,
біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, Сен
темір болсаң, біз балқытқалы келген-
біз, Қазақ-қалмақ баласы табысқалы
келгенбіз, Танымайтын жат елге та-
нысқалы келгенбіз...Сен қабылан бол-
саң, біз арыстан, алысқалы келген-
біз, Берсең жөндеп бітіміңді айт, Бер-
месең дірілдемей жөніңді айт, Не
тұрысатын жеріңді айт т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: