Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет484/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚҰРЫ

ҚЫзЫ


345

ерекше  байқалады.  Мәселен,  кейбір 

балалар кішкентайында автомобиль- 

ге, тракторға, жалпы техника атаулы- 

ға  әуесқой  келеді.  Мұндай  балалар- 

дың есіл-дерті машина болып, уақы- 

тының көбін соның айналасында өт- 

кізеді, олардың маркасын жақсы айы- 

ра  алатын  болады.  Кейін  осы  бала 

мектеп  қабырғасында  физика,  қол 

еңбегі сияқты пәндерді бар ықласы- 

мен  оқиды,  ал  мектеп  бітіргеннен 

кейін  сол  балалардың  біразы  жасы- 

нан өзі жақсы көретін техника сала- 

сында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабі- 

леттерін жақсы көрсетеді.

Қызығу құбылысының табиғаты өте 

күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі 

жағынан  ажыратылады.  Осы  тұрғы- 

дан бір адамның қызығуы кең, жан-

жақты болып келеді де, екінші біреу- 

дікі керісінше өте тар болады. Қызы- 

ғуы өте тайыз, ой-өрісі тар адамның 

образын  Н.В.Гоголь  шығармалары- 

нан көптеп кездестіруге болады. Мә- 

селен, «Шинель» әңгімесіндегі Ака- 

кий  Акакиевич  қағаз  көшіруді  өз 

өмірінің негізгі арқауы еткен. Ол тіп- 

ті қызметтен қайтқаннан кейінгі бос 

уақытының барлығын қағаз көшіріп 

жазуға  арнайтын  болған,  осы  ісіне 

қуанып, ләззат алған.

Адамда сан алуан қызығулардың бо- 

луы мүмкін. Бірақ, осылардың ішін- 

де  басты  біреуі,  ең  басыңқы  қызы- 

ғуы болады. Мұндай қызығулар әсі- 

ресе  оқу  әрекетіне  аса  қажет.  Оқу 

қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақ- 

ты, мазмұнды болуы баланың сабақ 

үлгіруіне,  білімді  терең  алуына  көп 

жәрдем  тигізеді.  Оқу  қызығулары 

балаларда  оқу  мотивтерінің  дамуы- 

на байланысты қалыптасып отырады.

Адамда  қызығудың  жөнді  көрінбеуі 

оның  өмірін  мазмұнсыз  етеді.  Мұн- 

дайда  ол  енжар  болып,  іші  пысады, 

зерігіп,  берекесі  кетеді.  Қызығудың 

мазмұнды,  әрі  кең,  өрісті  болуы  – 

оның  басты  ерекшеліктерінің  бірі. 

Мұнысыз  адамның  рухани  өмірі 

дамымайды.  К.Маркс  бір  сөзінде: 

«Адамға  лайықтың  бәрі  де  маған 

жат  емес»  деген  екен.  Бұл  қызығуы 

шар тарапты дамыған адамның ғана 

айтатын  сөзі.  Қызығуы  тұрақты  қа- 

сиетке айналған адам ғана іс-әрекет- 

тен  жақсы  нәтиже  шығара  алады, 

ісі  әр  уақытта  да  берекелі  болады. 

Кейбір  адамдар  кез  келген  нәрсеге 

қызығады да, сайып келгенде, оның 

бір  де  біреуіне  жөндеп  тұрақтамай- 

ды. Мұндай «көрсе қызар» әуесқой- 

лық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз ете- 

ді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен 

болса, бұл – үлкен кемшілік. Қызығуы 

тұрақтанбаған  адам  қызметтің  қай 

саласында болмасын пәрменді еңбек 

ете  алмайды.  Тек  тұрақты  қызығу 

ғана  адамның  бүкіл  бойын  билеп, 

қандай бөгеттер болса да жеңе білу-

ге,  небір  ауыртпалықты  көтере  бі- 

луге жәрдемдеседі.

Қызығулар  өзінің  мазмұны  мен  ба- 

ғытына  қарай:  материалдық,  қоғам- 

дық,  саяси,  кәсіптік,  эстетикалық, 

оқырмандық,  спорттық,  танымдық 

т.б.  болып  келеді.  Бұлардың  әрқай- 

сысы өз алдына бірнеше түрге бөлі- 

неді.  Мәселен,  таным  қызығулары 

оқуға, ғылымға қызығу, (математика, 

химия,  биология,  философия  т.б.); 

кәсіптік қызығулар сан салалы кәсіп- 

тің түрлеріне байланысты, эстетика- 

лық қызығулар кино, театр, музыка, 

бейнелеу  өнеріне  т.б.  орай  бөлініп 

жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет