360
ден бұл тақырып та елеулі орын ал-
ған. Мәселен, «Ақыл – жастан», «Жас-
тық – жалын», «Жастықты қайтара
алмайсың», деген толғаулар жастық,
бозбалалық шақ – адамның ақыл-ойы
қауырт өсетін, қажырлы іс-әрекет-
ке, қимылға құштар албырт роман-
тикалық кезі екенін өте дәл бейне-
лейді. Жастық шақтың басты белгі-
сі – адамның жаны мен тәнінің са-
палық жағына үлкен өзгерістерге тү-
сетіндігінде. Осы жаста адамның қо-
ғамдық белсенділігі артады, сана-се-
зімі өседі, психикасы шыңдала, қа-
тая түседі. Ол қоғамнан өз орнын
алуға тырысады, өзін қоршаған орта-
ға сын көзбен қарай бастайды. Бұл
жастағыларда өзін-өзі бағалауға ын-
талану, рухани өмірге қызығу, жеке
басындағы ойлар, адамгершілік идея-
лар, кемеліне келе бастайды. Халық
даналығы жастарға қызығы мол, қай-
тып оралмайтын, кейін іздесең де та-
былмайтын адам өміріндегі ең қы-
зықты кезеңді бос өткізсең – оның
орнын ешуақытта толтыра алмайсың
деп, бұл кезде адамда ғылым-білім-
ді, өнердің сан алуан түрлерін мең-
гере алуға мүмкіндік мол болатынын,
сол себепті көп оқып, үйреніп, біле
берудің керектігін әдейілеп ескерте-
ді, оларды еңбексүйгіш, көпшіл,
белсенді, өнегелі болуға шақырады.
Мәселен, «Жігіт адамға жетпіс өнер
де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы
болсын», «Менмен жігіттің соры,
төменшік жігіттің қоры», «Кішіпейіл,
кең жайлау жігіттің зоры», «Өзім бі-
лем деген жігіттің басына ойран сал-
ғаны, көп біледі деген жігіттің басы-
на қорған салғаны», «Жасында көр-
гені жоқ, өскенде айтары жоқ», «Жас
күнінде еңбек қылсаң есейгенше же-
тілерсің», «Жұмыссыз жастың жүргені
сөкет», деген толғаулар біз жоғарыда
айтқан тұ-жырымдарға жақсы дәлел.
Жігіттік, бозбалалық дәуірден соң көп
ұзамай адам өмірінің кемелдік ша-
ғы басталады. Бұл кезде оның бел-
гілі кәсіппен айналысып, отбасы тау-
қыметін сезінуіне тура келеді. Ха-
лық: «Отызыңда орда бұзбасаң, қыр-
қыңда қыр аспассың», «Қырықта қы-
лаң, елуде елес», «Елу шылбырдан
алды, алпыс тізгіннен алды», деп отыз
бен алпыстың арасында адамның
психологиясы соншама жоғары дә-
режеге көтерілетінін, оның мінез-
құлқы мен қасиеттерінің, қажет-қы-
зығуларының кемеліне келетінін айт-
са, енді бірде: «Жақсы жігіт ақылы-
на жеңдіріп іс қылар», «Жаман жігіт
оңай істі күш қылар». «Пайдасы мол
жігіттер дария, «шалқар көлмен тең,
пайдасы жоқ жігіттер ел қонбаған
шөлмен тең», «Жігіттің құны жүз жыл-
қы, ары мың жылқы», «Жұртты же-
ген жігітте күй болмайды», «Жаман
жігіт жасында шал», «Жақсы кісі
қырқында толады, жаман кісі қырқын-
да солады» деген мақалдар адамның
адамдығын тек жасына қарай, қанша
жасағанымен бағаламай, қалайша
әрекет еткендігі мен өлшене-тіндігін,
адамдар алған білім, тәлім-тәрбиесі-
не қарай бір-бірімен ажыратылып,
ерекшеленіп отыратындығын ес-
кертеді.
Халық кәрілік құпиясына да үңіле қа-
рап, оның сан қилы жақтары туралы
қызықты пікірлер айтқан. Бұл тұ-
жырымдар мен топшылаулар кейбір
ғылыми өлшемдерден оншама алшақ
та жатпайды. Мәселен, «Сақалға ақ
түсті, көңілге дақ түсті», «Кәрі тайғақ
келер, екі көзінен нұр кетсе», «Көңіл
Достарыңызбен бөлісу: