Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет507/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   877
МАҚА

МАҚА


361

қартаймас, көз қартаяр», «Қарсы кел- 

се  кәрілік,  қара  нарды  шөктірер», 

«Кәрі жатса қунайды». Бұрынғы кез- 

де  жарлы-жақыбай  адамдардың 

қартайып, қалжыраған кезде де жайлы 

жатып тұруға, өзін-өзі күтуге шама- 

сы  келе  бермейтіндігін  көрсететін 

мақал-мәтелдер де аз емес. Мәселен, 

«Сексен бес көрейін деген жасым ба 

еді,  быламық  ішейін  деген  асым  ба 

еді», «Тоймай ішкен асын, құрысын, 

қорлықпен жасаған| жасың құрысын», 

деген  толғаулар  сыйсыз  кәріліктің 

ащы заңы сияқты. Ал «Көп жасаған 

құрдасынан айрылады», «Қатарынан 

айрылған шал құлазиды»  деген ма- 

қал-мәтелдерден  адамдардың  қар- 

тайған сайын қатары сирей беретін- 

дігін еске алған мұңды да сағыныш- 

ты сезімін байқасақ, «Жастық – жа- 

лын,  кәрілік  –  күл»,  «Жас  кезімде 

бейнет бер, қартайғанда дәулет бер», 

«Кәрілік – дауасыз дерт» деп халқы- 

мыздың  жалынды  жастық  шақты 

армандағанын,  ол  дәуреннің  енді 

қайтып келмейтінін, қарттықтың кел- 

мей қоймайтын табиғат заңы екенді- 

гін дұрыс түсіне алғандығын аңғара- 

мыз.  Мақал-мәтелдер  кәрі  адамдар- 

дың,  ұнамды,  жақсы  қылықтарын 

жастарға  үлгі  етеді.  Мәселен,  «Кәрі 

жастың тезі», «Кәрі білгенді пері біл- 

мейді»,  «Көп  жасаған  көмбенің  үс- 

тінен шығады», «Кәрі – кәрінің сөзі 

дәрі»,  «Алпыстан  ақыл  сұра»  деген 

тұжырымдар  да  қарт  адамдар  өмір- 

дің үлкен өткелінен өткен, көпті көр- 

ген,  тәжірибелі  келетіндіктен  олар- 

дың  ақыл-кеңестері  жастардың  са- 

на-сезімінің,  ақыл-ойының  қалып- 

тасуына зор ықпал ететіндігі айтыла- 

ды.  «Ақылды  қария  –  ағып  жатқан 

дария», «Көп жасаған білмейді, көп 

тоқыған  біледі»,  деп  халқымыз  бес 

саусақтың әр түрлілігі сияқты көп жа- 

саған  кәрінің  бәрі  бірдей  емес,  деп, 

жан-жағына сезімталдықпен сергек қа- 

рап, өмірден көрген-түйгені, тоқыға- 

ны  көп  жаңа  қарияларды  құрмет 

тұтып, қадірлейді, жастарды солардан 

үлгі  алуға  шақырады.  «Жақсы  адам 

қартайса  жазып  қойған  хаттай,  жа- 

ман  адам  қартайса  бықсып  жанған 

оттай», «Жақсы кісі қартайса да ақы- 

лынан танбас», «Қартайып өлсең қа- 

пыл жоқ» деп халық ерік-жігері мол, 

қайратты  кісілердің  қартайса  да  ой- 

лау,  сөйлеу,  есте  сақтау  қабілеттері- 

нің  кемімейтіндігін,  мұндайлардың 

қарттыққа  мойымайтындығын,  же- 

ке өзгешеліктеріне қарай адамдар осы 

кезеңде  де  бір-бірінен  ерекше  ажы- 

ратылып  отыратындығын  көреген- 

дікпен түйе білген.

Халқымыз жас ұрпақты оқытып-тәр- 

биелеу жайында да талай сындарлы 

пікірлер айтқан. «Баланы таба білсең, 

баға да біл», «Баланы сүйсең, тәрбие- 

сін  сүй»,  «Баланы  мақтау  жетілдір- 

мейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді» 

дейтін  мақал-мәтелдер  баланы  құр 

айналайын дей бермей, оны адамгер- 

шілікке  баулу  жағын  ойластыру  қа- 

жеттігін,  от  басынан,  ұшатын  ұясы- 

нан,  әке-шешесінен  алатын  тәрбие 

қандай  болса,  көп  жағдайда  оның 

алдағы өмірі де соған орай құрылады 

деген ойды аңғартады.

Жас  бөбектерге  шынайы  тәрбие  бе- 

руде оның жеке психологиясын, жас 

өзгешелігін,  мінез-құлқының  ерек- 

шелігін айрықша ескеру қажет дейді 

мақалдар. Бұл жөнінде халық бірде: 

«Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілі- 

мен сөйле», «Бала – көктен шыққан 

қызыл  гүл,  солдырмайтын  жолын 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   503   504   505   506   507   508   509   510   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет