Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет508/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   504   505   506   507   508   509   510   511   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МАҚА

МАҚА


362

іздеп таба біл», «Қарды қылау өсіре- 

ді, баланы сылау өсіреді»  дейді. Ба- 

ланы оқытып тәрбиелеуді оның жас 

кезінен бастап қолға алса ғана тәрбие 

нәтижелі  болып,  жақсы  жеміс  бере 

алады.  Жас  бала  табиғатында  оқып 

үйренуге,  танып  білуге  әуес.  Ұстаз 

да, ата-ана да осы жайтты дер кезінде 

тиімді пайдаланып қалуы қажет. «Ба- 

ланы үйрет үйренетін кезінде», «Буы- 

ның қатпай білім ал» дейді бұл жө- 

нінде нақыл сөздер.

Халық даналығына үңіле түссең, одан: 

«Қатарына  қарап  бала  өсер»,  «Ор- 

таңа қарап, өзіңді таны», дейтін ма- 

қалдарды көптеп кездестіреміз. Мұн- 

дағы тұжырымдар балғын жастың мі- 

нез-құлқының  қалыптасуында  жо- 

ғарыда  айтқанымыздай  оның  өскен 

ортасының  қатар-құрбы,  жолдас-

жораларының,  сондай-ақ,  ата-ана, 

ұстаз, тәрбиешілердің өнеге-үлгілері 

де  айрықша  маңызды  екенін  жақсы 

аңғартады.

Халқымыз  бала  психологиясының 

қалыптасуында ойын әрекеті де елеу- 

лі  рөл  атқаратындығын  жақсы  аң- 

ғарған.  Ойынның  маңызы  жөнінде 

мақал-мәтелдердің  түйетіні  мына- 

лар:  ойында  бөбектің  ортамен  қа- 

рым-қатынасы  кеңейіп,  таным  қабі- 

леті өсе, мінез-құлқы қалыптаса тү- 

седі.  Бала  ойынының  түрі  де,  маз- 

мұны да сан алуан. Ойын үстінде ба- 

ла  достыққа,  жолдастыққа,  тапқыр- 

лыққа, іскерлікке, ептілікке, адамгер- 

шілікке бау-лынады. Бала табиғаты- 

нан қимыл-қозғалысқа құмар, ойын – 

балалық  шақтың  басты  ерекшелігі. 

Мәселен,  «Баланың  істегені  білін- 

бес», «Баламен ойнама шаршарсың», 

«Қыз – қуыршақ дейді, бала – құлын- 

шақ  дейді»,  «Ойнай  білмеген  ойлай 

да  білмейді»  деген  мақал-мәтелдер- 

де  баланың  ойынға  аса  құмар  келе- 

тіндігі, ұл мен қыздың ойыны да түр- 

ліше  болатындығы,  ойын  арқылы 

баланың  сана-сезімі,  кәсіп  таңдауы, 

ақыл-ойы  өсіп,  жетілетіндігі  көрсе- 

тілген.

Баланың  дүние  танымында,  оның 

психологиясының  қалыптасуында 

оқу-білімнің ерекше маңыз алатынын 

да мақал-мәтелдер дұрыс көрсете ал- 

ған.  «Білімнен  асар  байлық  жоқ», 

«Білек  сүріндіре  алмағанды,  білім 

сүріндіреді»,  «Білімдіден  өнер  құ- 

тылмас», «Ақыл – тозбас тон, білім – 

таусылмас  кен»,  деп  келетін  мақал- 

дардан  осы  идеяны  жақсы  аңғаруға 

болады.  Әрбір  жеткіншек  білімді 

адамның  жақсы  ісін,  әдепті  қылы- 

ғын  өзіне  үлгі  етуі  тиіс.  Халқымыз 

оқу  процесінің  еңбекпен  егіз  екен- 

дігін де аңғарған. «Оқу – инемен құ- 

дық  қазғандай».  Адам  жүйелі,  жос- 

парлы  оқу  арқылы  ғана  өз  білімін 

дұрыстап толықтыра алады, оны ке- 

йіннен  қажетіне  керегінше  жарата- 

ды. «Оқу – еңбекпен егіз», «Оқу – оқу 

түбі  тоқу»,  «Оқығаныңа  мәз  болма, 

тоқығаныңа  мәз  бол»,  «Ғалым  боп 

ешкім  тумайды,  жетіледі  оқумен», 

деген  мақалдардан  оқу  –  адамнын, 

аса  күрделі  әрекетінің  бірі  екендігі, 

ол  көп  еңбектенуді,  терлеп-тепшу- 

ді  тілейтіндігі,  адам  іштен  ғалым 

болып тумай, өмірдің әрбір құбылы- 

сын түсініп миға тоқығанда ғана жан-

жақты білімді, оқымысты, ғалым бо- 

ла алады дейтін ой аңғарылады.

Жеткіншек  жастың  нәзік  жанына 

оқудың  ұрығын  себуші,  оны  мәпе- 

леп, тәрбиелеуші – ұстаз. Мақал-мә- 

телдер  бұл  жайтты  естен  шығарма- 

ған. Мәселен, «Ұстазына қарап бала 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   504   505   506   507   508   509   510   511   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет