Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


АЛТЫНСАРИН  ЫБЫРАЙ  (1841-



Pdf көрінісі
бет51/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   877
АЛТЫНСАРИН  ЫБЫРАЙ  (1841- 

1889) – педагог, ағартушы. Ы.Алтын- 

сарин арнаулы психологиялық еңбек- 

тер жазып қалдырмаған, әйтсе де оның 

сан  алуан  ойға  толы  шығармалары- 

нан (оқу құралдары, хаттары мен жаз- 

балары, т.б.) қоғамдық және педаго- 

гикалық  психология  мәселелеріне 

орайлас айтылған көптеген қызықты 

деректер табылады. Бұл пікірлер оның 

өзі  айналысқан  практикалык  істері- 

нен  туындаған  сияқты.  Ой  қозғаған 

осындай  түйіндерге:  бала  және  оны 

тәрбиелеу  жолдары,  оқыту  процесі- 

нің психологиялық, педагогикалық не- 

гіздері, мұғалім-ұстаз проблемалары, 

қоғамдық психология мәселелері, т.б. 

жатқызуға болады. 

Ы.Алтынсарин өз «Хрестоматиясын- 

да» жас өспірімдердің жан дүниесін, 

ақыл-ойын  қалыптастыруға  ұдайы 

көңіл  бөлу  мектеп  пен  ата-ананың 

ортақ міндеті деп есептеді. Көшпелі 

қазақ  баласының  айналасын  дұрыс 

қабылдай  алуы,  осыған  орай  оның 

байқағыштық  қасиеттерін  арттыру, 

жетілдіру мақсатын көздеп, «Хресто- 

матияға» үнді ертегісінен мынадай бір 

тамаша  үзінді  берген:  «Біреу  ағаш- 

қа іліп қойған етін ұрлатып алып, ай- 

наласына  жар  салады.  «Аласа  бой- 

лы, қолында қысқа мылтығы бар, со- 

ңында  тарақ  құйрық  кішкентай  иті 

бар, бір қарт адам көрдіңіз бе?» деп. 

Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен 

барып  тауып,  ұрысын  ұстапты-мыс. 

Ауылдас адамдары үндіден «ұрының 

түсі-түгін қайдан білдіңіз?» – деп сұ- 

рапты. Сонда үнді айтыпты дейді: –

Ұрының, аласа бойлы екенін білгенім, 

менің қолыммен ілген етімді, ол ағаш- 

тың  астына  тас  қойып,  соның  үсті- 

не шығып алыпты. Қарт екенін біл- 

генім, жүргендегі ізінен байқадым – 

адымының  арасы  тым  жақын  екен. 

Мылтығының  қысқа  екенін:  етімді 

ұрларда,  мылтығын  ағашқа  сүйеп 

қойған екен, сонда мылтықтың аузы 

ағаштың  кішкене  қабығын  жырып 

кетіпті, жер мен сол жырылған қабық- 

тың  арасынан  шамаладым.  Ұрының 

қасында иті бар екенін және ол иттің 

әрі кішкентай, құйрығы тарақ құйрық 

екенін білгенім етімді ұрлап жатқан- 

да, ит анадай бір құмайттырақ жерде 

отырған екен, соның құмға түсіп қал- 

ған ізінен және бұлғаңдатқан құйры- 

ғының табынан байқадым депті – міс».

Ы.Алтынсарин осы үзіндіде байқағыш 

болудың адам өмірінде, оның дүние 

тануында қаншама маңыз алатынын, 

тіпті мұндай қасиет білімі жоқ, бірақ 

өмір тәжірибесі мол адамдардың ба- 

сында да біртіндеп қалыптасатынын 

сөз етеді де, шәкірттерді, өмірді жан-

жақты  зерттеп  білуге,  түймедейден 

түйедейді таба білетін ізденімпаз, зер- 

делі болуға меңзейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет