Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет53/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АЛТЫ

АЛТЫ


37

жазды  ол,  –  мәндірек  әңгімелер  ке- 

рек болады. Мысалдарды қазақ бала- 

ларының оқығысы келмейтінін, оқы- 

са  күлетінін,  ал  олардың  ата-анала- 

ры: балаларымызға сауысқан мен қар- 

ға  сөйлеседі  деген  сияқты  жоқ  нәр- 

сені  үйретеді  деп,  тіпті  ренжитінін 

тәжірибемнен  білемін.  Қазақ  бала- 

ларына,  меніңше,  мағыналы  анек- 

доттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын 

әңгімелер  немесе  оларды  қызықты- 

ратын, мысалы жібек құртының көбе- 

лектерінің  өзгерулері,  құндыздың 

өзіне үй салып алатыны сияқты әңгі- 

мелер тәуірірек болады».

Алтынсариннің  қазақ  балаларына 

орыс тілін үйрету жөнінде айтқан пі- 

кірлерінің қазіргі күн талабымен ұш- 

тасып жатқан жерлерін ерекше атап 

өткен абзал. Мәселен, ол шәкірттердің 

алдымен орысша ауыз екі сөйлесуін 

дамытуды  ойластырып,  бұл  үшін 

арнаулы дайындық сабақтарын өткі- 

зу қажет дейді. Оның осы пікірлерін- 

де де қазақ балаларының психология- 

лық  ерекшеліктерімен  санаспайын- 

ша,  яғни  екінші  тілді  үйрету  үшін 

оларға  арнаулы  жағдай  жасамайын- 

ша оқыту ісі қиынға соғады деген тама- 

ша идея жатыр. Қазақ мектептеріндегі 

орыс тілін оқытуда соңғы жылдарға 

дейін  Ы.Алтынсарин  ұсынған  осы 

ұсыныстар  ескерілмей  келгені  бізді 

қынжылтады.

Ы.Алтынсариннің  тәрбиеші  ұстаз, 

мұғалімдік өнер жөніндегі айтқанда- 

рында психологиялық түйіндер аз емес. 

Ол оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім 

рөліне айрықша маңыз береді, мектеп 

ісінің сан-саласындағы жетістіктерді 

мұғалімнің  білімі  мен  іскерлігіне, 

беделі мен өз жұмысын жан-тәнімен 

сүйе білуіне байланысты деп түсінді. 

«...Қазақ мектептерінің бар келешегі 

– деп жазды ол,- көбінесе істің қазіргі 

басталуына  байланысты,  сондықтан 

да мен қазір жақсы оқытушыны дү- 

ниедегі заттың бәрінен де қымбат кө- 

ремін». Ол, әсіресе, Торғай облысында 

өзі  инспектор  болған  жылдарында 

(1879-1889)  мұғалім  проблемасына, 

оның  жеке  тәлімгерлік  қасиеттеріне 

ерекше көңіл бөлген еді. Ы.Алтынсарин 

мұғалімдердің оқыту тәсілдерін үне- 

мі жетілдіріп отыруын, олардың «пе- 

дагогикалық және оқытушылық» тә- 

сілдерді меңгеру қажеттігін баса айт- 

ты. Ол мұғалімдердің алдына мынадай 

міндеттер қойды: нағыз мұғалім бо- 

лу үшін шәкірттердің, өзіндік ерекше- 

ліктерімен  мықты  санасу  қажет,  ол 

үшін педагогикалық әдебиеттерді үне- 

мі оқып, қадағалап отырмаса болмай- 

ды. Мұғалімге аса сезімтал, бала жа- 

нын жазбай танитын адам болу қажет 

екенін айта келіп, ол оқу-тәрбие сала- 

сында ізденбейтін мұғалімдерге қат- 

ты ренжиді. «Мұндайлар, – деп жаз- 

ды  ол,  –  оқушыларды  адастырады, 

сонан кейін қойылған сұраққа оқушы- 

лардың жауап бере білмегеніне ренжіп, 

өздері  де  ашулана  бастайды,  тіпті 

оқушыларға  өшігуге  дейін  барады. 

Содан кейін оқушыларды бұрынғыдан 

да  адастырады,  мүлде  шатастырып, 

оларды тіпті ешбір жауап бере алмай- 

тын халге жеткізеді» дей келіп, сабақ 

беру методикасы төмен мұғалімдерді 

ол «баламен түсінісе алуға шорқақ, да- 

рыны жоқ адам» деп сипаттайды. «Оқы- 

тушыларды бағалағанда, – деп жазды 

Ы.Алтынсарин, – олардың іске қаты- 

сы  жоқ  сөздеріне  қарап  емес,  олар- 

дың егістерінің бетіне шыққан жеміс- 

теріне, яғни оқушыларына қарай ба- 

ғалау қажет».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет