Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет532/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   528   529   530   531   532   533   534   535   ...   877
МОМЫ

МОМЫ


380

асық  ойнау,  т.б)  солдаттарды  епті- 

лікке,  ширақтыққа  үйрететініне,  ал 

мұның  өзі  жауынгерге  ұрыс  жағда- 

йында  ауадай  қажет  екендігін  тәп- 

тіштеп түсіндіреді.

Бауыржан  Момышұлының  психо- 

логиялық  пікірлерінің  кесектігі  мен 

ірілігі,  терең  талдаулары  мен  тұжы- 

рымдарының  сонылығы  –  оның 

қолбасшылық  қасиетінің  даралығы 

мен  жан  дүниесінің  кеңдігі,  асқан 

жаңашылдығын  байқатады.  Осы- 

нау  психологиялық  ой-пікірлер  мен 

толғаныс-тұжырымдар  тек  жауын- 

герлерді тәрбиелеуге ғана емес, қазір- 

гі  әскери  психология  ғылымы  үшін 

де маңызы зор. Мұны біз әлі де қа- 

рулы күштерімізді жүйелі түрде иге- 

ріп  пайдалана  алмай  келеміз.  Сон- 

дықтан  осы  бай  да  бірегей  мұраны 

зерттеу  –  қазақ  оқымыстыларының 

басты парызы болмақ.

МОТИВ  (себеп,  түрткі)  –  белсен- 

ділігінің ішкі көзі, тұлғаның қылық- 

тар  мен  әрекеттерді  таңдау  негізін- 

де  жататын  себептерді  жанданды- 

рады.  М.  субъекттің  қажеттіліктері- 

мен  байланысты,  бірақ  ол  тек  қа- 

жеттілікті  ғана  емес,  оны  қанағат- 

тандыру  жолдары  мен  әдістерін  бі- 

лумен  де  байланысты.  Мотивация  – 

өмірге  қажетті  мақсаттарды  туғыза- 

тын  қажеттілікті  қанағаттандыру- 

ға  бағыттайтын  қылықтардың  бар- 

лық  факторлары,  механизмдері  жә- 

не  үрдістерінің  жиынтығы.  М-тер- 

дің  таластары  –  адам  мотивтерінің, 

қажеттіліктерінің,  ұмтылыстарының 

үйлеспеушілігінің  негізінде  туын- 

дайтын  көтеріңкі  эмоциялық  толқу- 

лар  және  қарама-қарсы  әрекеттерін 

сипаттайтын оның ішкі психология- 

лық ахуалы.

МҰҚАНОВ  МӘЖИТ  (1920-1985). 

Қазақтың  психология  саласындағы 

бір докторы. Ол Ақтөбе облысының 

Шалқар ауданында туған. Еңбек жо- 

лын  1934  жылы  Ақтөбеде  жұмыс- 

шы  болып  бастаған.  1939  жылы 

Вольскідегі әскери-әуе училищесін бі- 

тіреді,  соғысқа  қатысқан.  1945  жы- 

лы Ақтөбедегі темір жол училищесі 

директорының  орынбасары.  Қазақ- 

стандағы  ғылыми  психологияның 

дамуына  елеулі  үлес  қосқандардың 

бірі  –  Мәжит  Мұқанов.  Ол  Ұлы 

Отан  соғысынан  оралғаннан  кейін 

Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы 

педагогикалық  институтын  бітіріп 

(1949),  кейіннен  Қазақ  университе- 

тінде  психология  мамандығы  бо- 

йынша  аспирантураны  тәмамдайды, 

1950  жылы  профессор  Т.Тәжібаев- 

тың  жетекшілігімен  кандидаттық 

диссертация қорғайды. Мұнда ол қа- 

зақ  жауынгерлерінің  ұлттық  психо- 

логиясына,  халқымыздың  Отан  со- 

ғысы  майданында  көрсеткен  ерлік, 

батырлық  қимылдарына  талдау  жа- 

сайды.  Ол  1953-60  жылдар  арасын- 

да  Алматының  шет  ел  тілдері  пе- 

дагогикалық институтының, 1960-85 

жылдары  Қазақтың  Абай  атындағы 

пединститутының психология кафед- 

расының меңгерушісі болды. М.Мұ- 

қанов  1980  жылы  докторлық  дис- 

сертация  қорғап,  кешікпей  профес- 

сор атағын алды. Ол жалпы психоло- 

гия, жас, педагогикалық, этнос пси- 

хологиясынан  жазылған  оннан  аса 

жеке еңбектердің авторы.

Ғалымның  көп  жылдар  бойы  зерт- 

теуі  ақыл-ой,  интеллект  мәселесін 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   528   529   530   531   532   533   534   535   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет