Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет533/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   529   530   531   532   533   534   535   536   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МОТИ

МҰҚА


381

бұлардың адамның жан дүниесінде- 

гі  алатын  орнын  анықтауға,  ойлау 

әрекетінің  мән-жайын  ашуға  арнал- 

ған. Автор ақыл-ойдың өрістеп оты- 

руын  тарихи-этникалық  тұрғыдан 

зерттеп,  әрқилы  дәуірдегі  адам  ин- 

теллектісінің дамуы оның өмір сүр- 

ген  ортасына,  тіршілік  жағдайы 

мен  әлеуметтік  қарым-қатынасына 

байланысты  болып  отыратындығын 

қазақ  елі  өмірінен  алынған  нақты- 

лы  деректермен  дәлелдейді.  Мәсе- 

лен, ол қазақ  халқының Қазан төң- 

керісіне  дейінгі  өмір  тіршілігі  мен 

экономикалық  жағдайына,  әлеумет- 

тік ортаға байланысты ақыл-ойы мен 

интеллектісінің  дамуындағы  бір- 

сыпыра өзіндік ерекшеліктерінің қа- 

лыптасу  жолын  арнайы  жүргізілген 

тәжірибелер арқылы сипаттайды, Ол 

халқымыздың  ақыл-ойы  мен  өмір 

тәжірибесінің  жиынтығын  ғылымда 

продуктивті және рефлексия (ой жү- 

йелілігі) деп аталатын ғылыми атау- 

лар  төңірегінен  іздестіреді. Осы  ай- 

тылған жан қуатының көріністерінің 

айтыс  өнері  мен  мақал-мәтелдерде 

орын алатынын айта келіп, ғалым өз- 

ге кісінің жағдайына көңіл аударып, 

оның  ішкі  ойын  өзіне  айтқызбай- 

ақ алдын ала білу, яғни ғылыми тіл- 

де когнитивтік эмпатия деп аталатын 

жан қасиетін Сырым батыр мен жас 

келіншектің  арасындағы  өткір  сөзге 

құрылған  диалог  арқылы  жақсы 

көрсетеді. М.Мұқанов сауатсыз адам- 

дардың  (тәжірибе  Қытайдан  келген 

қазақтарға  жасалынған.  –  Қ.Ж.) 

ойлау  қызметінде  де  рефлексия  бар 

екендігін  дәлелдеп,  әр  халықтың 

тарихи дамуында айналысқан кәсібі 

(қазақтар  үшін  мал  шаруашылы- 

ғы) оның өзіндік ақыл-ой ерекшелік- 

терінің  қалыптасуына  елеулі  әсер 

ететіндігін  байқаған.  Мәселен,  тә- 

жірибе жасауға қажет болған жағдай- 

да  олардың  май  шамның  орнына 

тезек отын пайдалануы. Автор оқы- 

маған  адамдарда  теориялық  пікір 

айту  кездеспейді  деу  қате,  өйткені, 

теорияның  төркіні  тәжірибеден  өр- 

біп  отырады  деп  түйіндейді.  Зерт- 

теуде  әр  халықтың  өмір  сүру  бары- 

сында, тұрмыс-тіршілігінде кездесе- 

тін  түрлі  ырым-жорамалдар  әртүрлі 

заттар  мен  құбылыстардың  түр-тү- 

сін, жеке қасиеттерін айыра білудегі 

кейбір  өзіндік  ерекшеліктері  (бұған 

жағрапиялық  орта,  соңдай-ақ  таби- 

ғаттың  экологиялық  жағдайлары 

маңызды  әсер  ететіндігі),  адамның 

өсіп-жетілуіндегі ауызекі сөз бен жаз- 

ба сөздің ес процесінде тигізетін түр- 

лі ықпалы туралы сөз болады.

М.Мұқанов  жүргізген  ендігі  бір 

экспериментте  оқымаған  сауатсыз 

адамдардың есте сақтау қабілеті күш- 

ті  болатындығы  анықталған.  Мәсе- 

лен,  көшпенді  ата-бабаларымыз- 

дың  тыныс-тіршілігінде  жазба  де- 

ректердің  болмауы,  түрлі  ақпарат 

хабары  мөлшерінің  аздығы,  сезім 

мүшелерін  қосарлай  пайдалануы 

олардың  суырыпсалма,  шешендік 

қабілетінің  күшті  болуы  М.Мұқа- 

новтың  пікірінше  ауызекі  сөз  әлде- 

қайда көп сақталады, өйткені ол жиі 

пайдаланылады.  Және  жұрт  бұған 

бар  ықылас-ынтасын  салады,  ал 

жазба  сөздің  есті  онша  өсірмейтін- 

дігі  –  оқыған  адамның  білгендерін 

қағазға  (қойын  дәптеріне)  жазып 

алуға әдеттенгеніне байланысты бол- 

са керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   529   530   531   532   533   534   535   536   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет