380
асық ойнау, т.б) солдаттарды епті-
лікке, ширақтыққа үйрететініне, ал
мұның өзі жауынгерге ұрыс жағда-
йында ауадай қажет екендігін тәп-
тіштеп түсіндіреді.
Бауыржан Момышұлының психо-
логиялық пікірлерінің кесектігі мен
ірілігі, терең талдаулары мен тұжы-
рымдарының сонылығы – оның
қолбасшылық қасиетінің даралығы
мен жан дүниесінің кеңдігі, асқан
жаңашылдығын байқатады. Осы-
нау психологиялық ой-пікірлер мен
толғаныс-тұжырымдар тек жауын-
герлерді тәрбиелеуге ғана емес, қазір-
гі әскери психология ғылымы үшін
де маңызы зор. Мұны біз әлі де қа-
рулы күштерімізді жүйелі түрде иге-
ріп пайдалана алмай келеміз. Сон-
дықтан осы бай да бірегей мұраны
зерттеу – қазақ оқымыстыларының
басты парызы болмақ.
МОТИВ (себеп, түрткі) – белсен-
ділігінің ішкі көзі, тұлғаның қылық-
тар мен әрекеттерді таңдау негізін-
де жататын себептерді жанданды-
рады. М. субъекттің қажеттіліктері-
мен байланысты, бірақ ол тек қа-
жеттілікті ғана емес, оны қанағат-
тандыру жолдары мен әдістерін бі-
лумен де байланысты. Мотивация –
өмірге қажетті мақсаттарды туғыза-
тын қажеттілікті қанағаттандыру-
ға бағыттайтын қылықтардың бар-
лық факторлары, механизмдері жә-
не үрдістерінің жиынтығы. М-тер-
дің таластары – адам мотивтерінің,
қажеттіліктерінің, ұмтылыстарының
үйлеспеушілігінің негізінде туын-
дайтын көтеріңкі эмоциялық толқу-
лар және қарама-қарсы әрекеттерін
сипаттайтын оның ішкі психология-
лық ахуалы.
МҰҚАНОВ МӘЖИТ (1920-1985).
Қазақтың психология саласындағы
бір докторы. Ол Ақтөбе облысының
Шалқар ауданында туған. Еңбек жо-
лын 1934 жылы Ақтөбеде жұмыс-
шы болып бастаған. 1939 жылы
Вольскідегі әскери-әуе училищесін бі-
тіреді, соғысқа қатысқан. 1945 жы-
лы Ақтөбедегі темір жол училищесі
директорының орынбасары. Қазақ-
стандағы ғылыми психологияның
дамуына елеулі үлес қосқандардың
бірі – Мәжит Мұқанов. Ол Ұлы
Отан соғысынан оралғаннан кейін
Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы
педагогикалық институтын бітіріп
(1949), кейіннен Қазақ университе-
тінде психология мамандығы бо-
йынша аспирантураны тәмамдайды,
1950 жылы профессор Т.Тәжібаев-
тың жетекшілігімен кандидаттық
диссертация қорғайды. Мұнда ол қа-
зақ жауынгерлерінің ұлттық психо-
логиясына, халқымыздың Отан со-
ғысы майданында көрсеткен ерлік,
батырлық қимылдарына талдау жа-
сайды. Ол 1953-60 жылдар арасын-
да Алматының шет ел тілдері пе-
дагогикалық институтының, 1960-85
жылдары Қазақтың Абай атындағы
пединститутының психология кафед-
расының меңгерушісі болды. М.Мұ-
қанов 1980 жылы докторлық дис-
сертация қорғап, кешікпей профес-
сор атағын алды. Ол жалпы психоло-
гия, жас, педагогикалық, этнос пси-
хологиясынан жазылған оннан аса
жеке еңбектердің авторы.
Ғалымның көп жылдар бойы зерт-
теуі ақыл-ой, интеллект мәселесін
Достарыңызбен бөлісу: