Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет537/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   533   534   535   536   537   538   539   540   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МҮШЕ

МҮШЕ


384

мүшелдеріне  қарай  атауды  қалып- 

тастыруда  жыл  қайырушылардың 

да  кейбір  атау  сөздері  негіз  болған. 

Олар бір адамның өмірін, яғни дәуір- 

ді  –  Жас  дәурен  (50  жасқа  дейін), 

Орта жас – (70 жасқа дейін), Қайтқан 

кез (70-тен асқан кез) деп үшке бөліп 

атаған.  Сонымен  қатар  жоғарыда 

айтылған мүшелді – балалық мүше- 

лі, жігіт мүшелі, кісілік мүшелі, кәрі- 

лік мүшелі, таусыншақ жас деп тағы 

5 топқа бөліп қараған.

Бірінші  топтағы  балалық  мүшелге 

24 жасқа дейін, ІІ топ жігіт мүшелі- 

не 25 пен 37 жас арасы, ІІІ топ кісілік 

мүшелге 38 бен 49 аралығы, IV топ 

кәрілік  мүшелге  50  жас  пен  75  жас 

аралығы, V топ таусыншақ жасқа 76 

жастан әрі қарайғы жастағылар кір- 

ген. Адамды жасына қарай атау осы 

бес мүшелдің аяғын 5 топқа бөлінген 

8 мүшелдің ішінен шығады. Мысалы, 

балалық  мүшел  –  Нәресте  (2  жасқа 

дейін).  Сәби  (5  жасқа  дейін.  Мұны 

Сүндет  жасы  деп  те  атайды),  Бөбек 

– (8 жасқа дейін), Қыршын (10) жас- 

қа  дейін,  Жеткіншек  (13-16  жасқа 

дейін), Қолқанат (16-21 жасқа дейін; 

кейде жасөспірім де 6 шаққа бөлініп 

аталады.  Нәресте  шақ,  Сәби  шақ, 

Қолқанат  шақ  т.б.).  Жігіт  мүшелін 

– ересек шақ (естияр) – 23-25 аралы- 

ғы,  Бозбалалық  шақ  –  25-30  аралы- 

ғын,  Жігіттік  шақ  –  30-40  аралығы, 

Ағалық  шақ  (жігіт  ағасы,  от  ағасы, 

ер  ағасы,  қос  ағасы)  –  40-50  ара- 

лықтарына  жіктеген.  Кісілік  мүше- 

лік  –  «кемелденген  шақ»  –  60-73 

аралығын, Қайтқан шақ деп – 73-80 

аралығын, кәрілік таусыншақ жас 80 

жастан әрмен қарай. Көшпенді өмір 

тәжірибесінен  туындаған  қазақы 

жас  ерекшеліктерінің  жіктелісі  қа- 

зіргі  кездегі  адам  жасын  жіктеуге 

байланысты стандартқа келе бермей- 

ді. Сондықтан да біз ұлттық жас жік- 

телісін халықтық психологияның де- 

ректері ретінде түсінуіміз қажет.

МІНЕз  –

 

адамның  негізгі  өмірлік 



бет алысын және оның өзіндік әреке- 

тінің  айырмашылығын  сипаттайтын 

сапалы  өзгешелік.  Ол  –  көп  қасиет- 

тің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қо- 

сындысы, сонымен қатар жеке адам- 

ды  әр  қырынан  көрсететін  қасиет. 

Мінез  бітістері  көп.  Олардың  бәрі 

де  жеке  адамның  қасиеттері  болып 

табылғанмен,  мұның  кез  келгені 

мінездің бітістері болып саналмайды.

Мінезді  даралық  өзгешеліктің  өзегі, 

адамның  негізгі  тіршілік  бағыты- 

ның  өрнегі  деуге  болады.  Мінезде 

адамның  сыртқы  ортамен  қарым-

қатынасының  тарихы  бейнеленеді. 

Мінез  –  кең  мағыналы  ұғым.  Онда 

түрлі  сапалар  тоғысып  жатады.  Мі- 

нездің  моральдық  жағынан  тәр- 



биелілігі,  бірқалыптылығы,  толық- 

тылығы, күші мен  айқындығы,  сал- 

мақтылығы – оның негізгі сапалары 

болып есептелінеді.

Моральдық  жағынан  тәрбиеленген 

мінез адамды мінез-құлық тұрғысы- 

нан  да,  оның  айналасымен  байла- 

нысы  тұрғысынан  да  сипаттап  оты- 

рады.  Ізгілік,  гуманизм,  адамдарға 



қамқорлық,  жолдастықты  қадір 

тұту, жұртшылық пікірімен санаса 

білушілік,  өзінің  міндетін  орындау- 

дағы  жауапкершілік  пен  адалдық  – 

мінездің осы сапасының негізгі ком- 

поненттері.  Рухани  дүниесі  бай, 

қажеттері мен қызығулары, талға- 

мы мен ой-өрісі кең адамдарды то- 

лық мінезді адам дейді.  Мінез сапа- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   533   534   535   536   537   538   539   540   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет