МҮШЕЛ ЖАС – адамды жас ша-
масына қарай атағанда, ол көбінесе
мүшел жасының мөлшеріне бай-
ланысты айтылады. Біз қазір адам-
ның туған күнін, белгілі бір уақиға-
ның 10, 20, 40, 50, 60 тәрізді дөңге-
лек сандарға толған мерзімін – мү-
шел жасы, мүшелді жылы дейміз,
яғни атаулы күн, елеулі жыл деген
ұғымда. Қазақ халқы көне дәуір-
дегі жыл санау дәстүрінде адамның
әрбір 12 жыл толып, 13-ші жылға аяқ
басқан жасын мүшел деген. Мысалы,
13, 25, 37, 49, 61. Бұлай болып келу-
дің себебі қазақтың жыл санауында
әрбір жылға шартты түрде ат қойып
есептеуіне байланысты. Қазақ 12 ай-
ды бір жыл деп, 12 жылды бір мү-
шел деп санаған. Мүшелдегі 12 жыл-
ға – Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу,
Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық,
Ит, Доңыз деп ат қойып, жылдың
басы Тышқан болсын, жаңа жыл
наурыз күнінен басталсын деп ережеге
келіскен де, осы тәртіп бойынша ха-
лықтық күнтізбе жасаған.
Мүшел жас – циклымен 12 ай атау-
ларын бір бірімен шатастырып алмау
үшін оларды есте мұқият сақтау үшін
халқымыз бұларға психологиялық
жағынан теңдесі жоқ тақпақ тіркес-
терін ойлап тапқан. Мәселен, біздің
көшпенді ата-бабалармыз жыл қа-
йыру тәсілін оңайлату мақсатында
мына төмендегі төрт жол өлеңді
жаттаған: «Түйе сеніп бойына, Қалған
ұмыт жылдардан, Жатпа қарап,
мойыма, Тайма именіп ділмардан».
Мұнда әрбір сөздің бірінші әрпі
жылдардың атына түйе – тышқан,
сеніп – сиыр, бойына – барыс, қалған –
қоян, ұмыт – ұлу, жылдардан – жы-
лан, жатпа – жылқы, қарап – қой,
мойыма – мешін, тайма – тауық, име-
ніп – ит, ділмардан – доңыз, ал сөй-
лемдегі сөздердің бір-бірімен ретті
тіркестері тетелес жыл атауының тіз-
бегіне сай келеді. Бірақ адам осын-
дай құрғақ жаттаумен алысқа бара
алмайды. Өйткені, бұл құбылыстар-
дың ішкі мәнін түсіндірмейді. Естің
бұл түрін тек қосалқы сүйеніш етіп,
негізінен мағыналы есте қалдыруды
дамытқанымыз пайдалы.
Адамды жасына қарай атауда тағы
бір еске алатын этнографиялық сәт
бар. Ол – бір адамның өмірін 100
жылға мөлшерлеп, оны Дәуір деп
атайды. «Елу жылда ең жаңа, жүз
жылда – қазан» деген мәтел сөз өл-
ген адамға «дәуір садақасы» деп мол-
даларға мал беріп, марқұмның өмір
бойғы күнәсін сатып құтылу, кейде
бір ғасыр аралығын бір дәуір деп
атау содан қалған салт. Жыл санау-
дың мүшелдік әдісі бір ғана қазақ-
та ғана емес, басқа да шығыс елде-
рінде көне заманнан бар тәсіл.
Қазақта адамның жасын айырушы-
ларды «жыл қайырушы» деп ата-
ған. Адамдарды жас мөлшері мен
Достарыңызбен бөлісу: |