388
нез типологиясының негізіне екі функ-
цияны жатқызды: сезімдер және бел-
сенділік, әрбір мінездің негізгі бітісі
оның ішкі бірлігі мен тұрақтылығы.
Рибо өзінің жіктеуінен мінезі жа-
ғынан аморфты және тұрақсыз адам-
дарды алып тастады, оларды ол «өр-
кениеттің қоқысы» деп атады. Ри-
боның ұсынған типологиясы интел-
лектіге қарсы бағытталды. Интел-
лектіні жеке тұлғаның ерекше жағы
ретінде мойындаудың орнына, оны
ол мінездің үстіңгі қабаты ретінде
қарастыра отырып, инстинктер мен
аффектілердің жеке тұлғадағы рөлін
асыра бағалады.
XIX V. француз психологиясында
Поланның характерологиясы ерекше
орын алады. Ол функционализмді
оның абстрактылығы, өмірден ал-
шақтығы үшін қатты сынға алды.
Поланның айтуынша, типология
психикалық іс-әрекеттің заңдылық-
тарына және нақтылы адамзат тен-
денциясын, оның түрі мен мазмұнын
зерттеуге негізделу қажеттігін атап
өтті.
Орыс характерологиясынан ерекше
маңызды типологияны П.Ф.Лесгафт
және А.Ф.Лазурский ұсынған бо-
латын. П.Ф.Лесгафт өзінің «Балаға
отбасы тәрбиесі және онын маңы-
зы» деп аталатын еңбегінде типтерді
екі категорияға бөлді. Бірінші кате-
горияға іс-әрекеттің жоғары көріні-
сі типтерін жатқызды.
Екінші категориядағы типтерге –
баяу – ақыл-ой көріністерімен ерек-
шеленетіндерді жатқызды. П.Ф.Ла-
зурский «Жеке тұлғаның жіктелуі»
деп аталатын еңбегінде жан-жақты
типологияны берді.
Мінез туралы ілімнің дамуына ерек-
ше әсер еткен физиогномика (рһу-
sіоgnomike) – адамның ішкі сезімінің
сырт көрінісі туралы ілім. Италия-
лық психиатор Ч.Ломброзоның (1835-
1909) айтуынша, қылмыскерді сырт-
қы келбетінен білуге болады. Бірақ
Ч.Ломброзоның теориясы ғылыми
тұрғыдан дәлелденбеді. Физиогно-
мика – адамның сыртқы келбеті мен
оның жеке тұлғаның белгілі типіне
жататындығының байланысы тура-
лы ілім. Бұл ілім арқылы адамның
сыртқы белгілері бойынша бұл тип-
тің психологиялық мінездемесі анық-
талады.
Ерекше белгілі болған Иоганн Кас-
пер Лафатердің физиогномикалық
жүйесі, ол жүйе бойынша адам мі-
незін танып-білудің негізгі жолы бас
құрылысын, бас жүйесінің табиғатын,
бет пішінін және т.б. зерттеу деп
есептеді. Адам мінезін анықтауда фи-
зиогномистер әртүрлі анықтайтын
белгілерді пайдаланды.
Физиогномистер адам мінезінің не-
гізгі көрсеткіштері көзінің бітісіне,
түсіне, жанарына байланысты си-
паттама береді. Сонымен қатар мінез
туралы ілімде жеке бағыт болып та-
былатын адамның дара ерекшелікте-
рі – жүрісі және тұрысы, дене біті-
міне қарай психологтар мінезін анық-
таған. Күнделікті санамызда қалып-
тасқан пікір – өркөкірек, паңданған,
өзін басқалардан жоғары ұстайтын
адамдар денесін артқа қарай шал-
қайтып, көкірегін көтеріңкі, басын
артқа шалқақ ұстайды. Жағымпаздар
алға қарай еңкейтіп, иіліп-бүгіліп,
жанарынан алдамшы күлкінің желі
есіп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: