393
нан артық бағалаудың тамаша үл-
гісі. Ертеректе қазақ ауылындағы бір
адамның жасаған ағаттық ісіне бү-
кіл ауыл-аймақ намыстанатын еді.
Ауылдың бір ұрысы немесе тентегі бұ-
зақылық жасаса оның жазасын бү-
кіл ел болып мойындап, төлемін тө-
леп отыратын. Билер сөзінде, ақын-
жыраулар тағылымдары мен айтыс,
термелерде, тіпті күйеу мен балдыз
әзілінде де жігіт намысына тиетін
оғаш істер сын елегіне ерекше алынып
отырған-ды.
Өз ұрпағын ата-баба рухында тәр-
биелеп, ұлттық намысты ту етіп ұс-
таған халқымыз «Қоянды қамыс өл-
тіреді, ерді намыс өлтіреді» дегенді
үнемі еске салып келді. Қазақ жесірін
өгейсітпеген, жетімін шеттетпеген аса
бауырмал халық. Қазірде туған жұр-
тының әдет-ғұрпынан, дәстүр-сал-
тынан бейхабар кейбіреулер иман-
дылықтан мәңгүрттікке қарай бет алу-
да. Ал, мейірімсіздік пен қатыгездік
сондайлардан шығады. Ұлтымыз арақ
ішімдігін «һарам» деп, оны тоғыз жау-
дың (жалқаулық, аңқаулық, жасқан-
шақтық, суайттық, өсекшілдік, мақ-
таншактық, бөспелік) біріне жатқыз-
ған ғой. Қазіргі кезде сырахана мен
дүңгіршектердің айналасынан шық-
пайтын қазақтың кейбір ұл-қыздары-
на көз түскенде, жігерің құм болып,
санаң сарсылып, олардың осынау қы-
лықтары ұлттық намысқа тиіп, зы-
ғырданымыз қайнап жүрген жоқ па?
Достарыңызбен бөлісу: