396
лай алады. Нәресте айналасындағы
дүниені бірінші сигнал жүйесінің
қызметі арқылы тани біледі. Ойлау-
дың бұл түрі оның танымын онша
кеңіте алмайды. Баланың тілі шы-
ғып, сөз арқылы үлкендермен қарым-
қатынасқа түскенде ғана, оның ойлау
шеңбері кеңейетін болады. О. адам-
ның сыртқы дүниемен қарым-қатынас
жасау процесінде туындап отырады.
Адам ойлауының мазмұнын билей-
тін – объективтік шындық. Адамға
мақсат қойып, оған жетуге ұмтыл-
дыратын – оның қажеттіліктері. О. –
өзіндік ішкі қарама-қайшылықтарға
толы процесс. Бұл қайшылықтар ой-
лау дамуының және іске асуының
қозғаушы күштері болып табылады,
яғни ойлау осы қарама-қайшылық-
тарды, басқаша айтқанда, проблема-
лық жағдаяттарды шешу барысын-
да өрбиді. О. танымдық теориялық
іс-әрекет ретінде әрекетпен тығыз
байланысты. Адам әсер ету арқылы
ақиқатты таниды, дүниені өзгерту
арқылы оны түсінеді. Әрекет ойлау
жүзеге асуының бірінші ретті форма-
сы болып табылады. О. операцияла-
рының барлығы (салыстыру, анализ,
синтез, жалпылау; абстракция; нақты-
лау, категоризациялау, жүйелеуді қа-
раңыз) ең алғашында практикалық
операциялар түрінде пайда болып,
содан соң барып, теориялық ойлау-
дың операцияларына айналды. Яғни
ойлау еңбек іс-әрекеті барысында
практикалық операция ретінде неме-
се практикалық іс-әрекеттің бір ком-
поненті ретінде туындап, содан кейін
барып, дербес теориялық іс-әрекетке
айналады. Бірақ тәжірибе әрқашан да
ойлау ақиқаттығының негізі, мәнді
критериі болып табылады.
Бірақ егер де біз бір есепті тек прак-
тикалық түрде ғана шешетін болсақ,
онда оның тек көрнекі жеке мазмұны-
мен әрекет жасап, оны тек берілген
жеке жағдаятты ескере отырып ше-
шеміз. Ал әрбір келесі жағдайларда
қайтадан есепті шешуге тура келе-
ді және тағы да бұл жеке міндетті
ғана шешу болып табылады. Ал егер
берілген есептің жалпыланған маз-
мұнын құрастырып, оны шешудің
жалпыланған тәсілін табатын болсақ,
бұл есеп өзінің тек белгілі бір жағдай-
ға сәйкес болатын, практикалық – ше-
шімін ғана емес, сонымен қатар, тео-
риялық та, яғни принциптік біртек-
ті жағдайлардың барлығына ортақ
шешімін таба алады.
Іс-әрекетпен байланыса отырып, тео-
риялық ойлаудың өзі жекеден жал-
пыға, жалпыдан жекеге, құбылыстан
мәнге, мәннен құбылысқа өту процесі
болып табылады. Шынайы ойлау –
ол ойдың ағымы. Ол тек іс-әрекет пен
оның өнімнің бірлігі негізінде түсі-
ніледі. О. – аса күрделі психикалық
процесс. Оны зерттеумен бірнеше
ғылымдар айналысады. Солардың
ішінде логика мен психологияның
орны ерекше. Бірақ осы екі ғылым-
ның ойды зерттеудегі әдіс-тісілдерін-
де өзіндік айырмашылықтары бар.
Мыс. егер психология әртүрлі жас
шамасындағы адам ойлауының пай-
да болуы, дамуы мен қалыптасу жо-
лына, яғни тұлға ойлауының даму
ерекшеліктері мен заңдылықтарын
қарастыратын болса, ал логика бү-
кіл адамзатқа ортақ ойлау іс-әреке-
тінің заңдары мен формаларын ай-
қындайды, адам ойлауының нақты
нәтижесі болып табылатын ұғым, пі-
кір, ой қорытындылары сияқты ой-
Достарыңызбен бөлісу: