Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет61/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АНАМ

АНДР


43

ға  да,  әйел  адамға  да  тән  психоло- 

гиялық қасиеттерді қатар үйлестіретін 

индивидтің жыныстық-рөлдік сәйкес- 

тілігі. Бірнеше онжылдықтар бұрын 

ата-аналар мен мұғалімдерге балалар- 

дың мектепке бару кезеңіне қарай өз 

жынысына тән мінез-құлықты игеру- 

ге бар күш-жігерлерін салу ұсынылған. 

Көптеген зерттеулер ер адамдар мен 

әйелдер  арасындағы  психологиялық 

айырмашылықтар  жыныс  арасында- 

ғы айырмашылықтан гөрі, ер балалар 

мен қыздардың отбасылық тәрбиесі, 

сондай-ақ оларға әлеуметтік ортаның 

әсер етуі салдарынан пайда болып да- 

митынын көрсетті. Ер адамдарға (мас- 

кулиндік) және әйелдерге (феминин- 

дік) тән қасиеттер өзара тәуелсіз си- 

паттамаларға ие болып, бірімен бірі 

түйіспейтін жекелеген екі континиум- 

дерде ғана орналасуы мүмкін. Феми- 

нинділік пен маскулинділік деңгейін 

өлшейтін көптеген тестілер осы прин- 

ципке негізделген.

Осы тестілердің негізінде әрбір адам 

өзінің ер немесе әйел екеніне қатыс- 

сыз мына төрт топтың біріне жатуы 

мүмкін:

1)  маскулиндік  индивидтер  (атаққұ- 

марлық, табандылық, батылдық тәріз- 

ді дәстүрлі еркектік қасиеттері айқын 

танылатын адамдар);

2)  фемининдік  индивидтер  (аффек- 

тивтілік, жұмсақтық секілді әйелге тән 

қасиеттері басым адам);

3) андрогиндер, өз бойында дәстүрлі 

әйелдік әрі еркектік қасиетті үйлестір- 

гендер;

4) маскулиндік немесе фемининдік бел- 

гілері  көмескі,  яғни  психологиялық 

жыныстық сәйкестігі айқындалмаған 

адамдар.

Бұдан байқалатыны: андрогинияның 

адамның  жағдайға  байланысты  мі- 

нез-құлқын өзгерте алу қабілетінің пси- 

хологиялық сипаттамасын айқындау- 

да маңызы зор екендігі. А. стреске (ти- 

тықтау)  қарсы  табандылық  таныту- 

да, тұрмыс-тіршіліктің әртүрлі сала- 

сында табысқа қол жеткізуге септігін 

тигізеді. Бұл жағдай әрі қарай психо- 

логиялық дезадаптация проблемасын 

болдырмаудан туындаған. Ал қазіргі 

заманда  психологиялық  әдебиеттер- 

де тек маскулиндікке немесе феминдік- 

ке бір жақты екпін жасау әйелдердің 

де,  еркектердің  де  эмоциялық  және 

интеллектуалдық  дамуын  шектей- 

тіні  жөніндегі  көзқарастар  көптеп 

таралуда. Психологтардың тұжырым- 

дауынша,  бір  адамның  өзінде  пози- 

тивті еркектік және әйелдік қасиеттер 

де бола алады. Еркектер де, әйелдер 

де  бірдей  атаққұмар,  сенімді,  адал, 

мейірімді, нәзік, сезімтал бола алады. 

А.  әдеттегіден  өзгеше  болатын  тәр- 

биенің  нәтижесінде  қалыптасады, 

яғни  егер  отбасында  ата-аналар  А. 

тұлғаларға тән мінез-құлық моделін 

көрсетсе,  ал  екіншісі  оны  қолдаса, 

бала  олардың  осындай  ұстанымын 

және  мінез-құлқын  меңгеріп  алады. 

А. адамның стреске төзімділігін, мі- 

нез-құлық икемділігін, өмірдің түрлі 

аумақтарында сәттілікке жетуді қам- 

тамасыз етеді. Сондықтан кейінгі кез- 

дегі жыныстық психологиялық зерт- 

теулер  тек  феминдік  немесе  муску- 

линдікті  қалыптастыру  мәселесімен 

ғана емес, сондай-ақ А. да қалыптас- 

тырудың әдіс-тәсілдерін іздеу жолында.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет